«Қоғамдық бақылау картасы» жобасы аясында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен «Facebook» әлеуметтік желі парақшасы және «WhatsApp Messenger» тіркемесі арқылы жеке тұлғалардың өтініштерін қабылдау бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.
Мысалға, ағымдағы жылдың наурыз айында «WhatsApp Messenger» мобилдік тіркемесіне азамат А-дан арыз келіп түсті. Ол, өз арызында Тараз қаласындағы автомобиль жолдары мәселесі, дәлірек айтсақ айналасы 1-3 шаршы метрге дейін шұңқырлар пайда болған көлік жүретін жерлердегі байқау құдықтарының жан-жағын жөндеу жұмыстарының сапасыздығы туралы уәждері келтірген.
Тараз қаласы тұрғын үй — коммуналдық шаруашылық бөлімінде жүргізілген мониторинг нәтижесінде аталған құдықтарды ағымдық жөндеу бойынша бөліммен «Алматы ТехПромСтрой» ЖШС-мен келісім шарт жасалғандығы анықталды.
Сонымен қатар, келісім-шартқа сәйкес, нысан 2018 жылға өтпелі болып табылады, қазіргі уақытта құдық айналасындағы бүлінген орындарды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінде, әр азамат өзінің ескертулерін, арыздарын және ұсыныстарын жібере алатын «WhatsApp Messenger» тіркемесі (нөмірі 8 747 149 25 25) қолданысқа енгізілгендігі туралы хабарлаймыз.