Жамбыл облысына 2021 жылдың 1 ақпанынан бастап Спутник V вакцинасының 1-ші компонентінің – 158700, 2-ші компонентінің – 125505 дозасы, отандық 4000 доза QazCovid-in (2000 адамға) және 60 000 доза (30 000 адамға) Hayat-Vax, 34 000 доза (17 мың адамға) Коронавак вакциналары жеткізілді
17.06.2021 жылы барлығы – 6614 екпе жасалды. 2021 жылғы 17 маусымдағы жағдай бойынша барлығы – 140862 адам вакцинацияланды, оның ішінде 14916 — медицина қызметкерлері (10,6%), 23449 – білім беру ұйымдарының қызметкерлері (16,6%), 17221 – күшт құрылымының мамандары (12,2%), 3207 – мемлекеттік қызметкерлер (2,3%), 2640 – студенттер (1,9%), 510 — әлеуметтік мекеме қызметкерлері (0,4 %), 5636 – созылмалы аурулары бар тұлғалар (4%) және 73283 — басқалары (52%). Екпе алған 137635 адамның, 71046-ы вакцинаның екінші компонентін алды. Вакцина алғандар тарапынан денсаулығына теріс әсер беріп, шағым келтіргендер тіркелген жоқ. Коронавирусқа қарсы иммундау ағымдағы жылдың соңына дейін жалғасады.
Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі