• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
12.09.2026, 21:57
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жамбыл облысында үй жануарларының қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында профилактикалық шаралар жүргізілуде

turan_admin turan_admin
06.06.2020, 13:07
Абырой, Облыс жаңалықтары
Жамбыл облысында үй жануарларының қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында профилактикалық шаралар жүргізілуде
539
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жамбылдық полицейлер үй жануарларының қатысуымен орын алатын
жол-көлік оқиғаларының алдын алу шараларын қабылдауда, деп хабарлайды
Polisia.kz.
Қараусыз жайылған үй жануарлары түнде де, күндіз де жол-көлік
оқиғаларының орын алуына себеп болуда. Ағымдағы жылдың 5 айында
Жамбыл облысының аумағында осындай бес жол-көлік оқиғасы орын алып,
15 адам зардап шекті. Егер жол-көлік оқиғасы 1.24 «Мал айдау» және 1.25
«Жабайы жануарлар» жол белгілері қолданылатын аймақта орын алса және
адамдардың денсаулығына зиян келтірілмесе, онда полиция қызметкерлері
ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлімі «Көлік құралының, жүктердің, жолдардың,
жол және өзге де құрылыстардың немесе өзге де мүліктің бүлінуіне әкеп
соққан, материалдық залал келтірген жол қозғалысы қауіпсіздігін
қамтамасыз етудің белгіленген ережелерін бұзу» бойынша жүргізушіге
қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырады.
Егер жол-көлік оқиғасы 1.24 «Мал айдау» және 1.25 «Жабайы
жануарлар» ескерту жол белгілерінің әрекет ету аймағынан тыс болса және
жүргізуші жол қозғалысы ережелерін бұзбаса, онда ол осы бап бойынша
әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды. Жол-көлік оқиғасының себебі
мұндай жағдайларда ҚР ЖҚЕ 24-бабының 8-тармағының 1)
тармақшасында(«Малдың қатты төсенішті жолдарға шығып кетуі мүмкін
жағдайларда оларды қадағалаусыз қалдыруға жол берілмейді»)
қарастырылған мал иесінің жануарларды қадағалауды жүзеге асыру
жөніндегі міндеттерді орындамауы болып табылады.
Бұл жағдайда көлік жүргізушісі жануардың иесінен автомашинаға
келтірілген залалға қатысты өтемақы өндіріп алу үшін азаматтық тәртіппен
сотқа жүгінуге құқылы. Үй малдарының қатысуымен орын алатын жол-көлік
оқиғаларының алдын алу үшін Жамбыл облысының Полиция департаменті
патрульдік полиция батальонының қызметкерлері күн сайын бекітілген жол-
көлік учаскелерінде патрульдеу кезінде жолдың жүру бөлігінен жайылған
малды айдап өту бойынша шаралар қабылдайды, мал иелері анықталып,
алдын алу, түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Үй жануарларының иелерімен профилактикалық әңгіме барысында
тәртіп сақшылары ҚР ӘҚБтК-нің 633-бабының 2-бөлімі «Автомобиль
жолдарына бөлінген белдеуді қорғау және пайдалану ережелерін бұзу»
бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертеді. Осы
бұзушылық үшін жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне
немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма бес, орта кәсіпкерлік
субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік
көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу көзделген. Жамбыл облысының
Полиция департаменті сізден шаруашылықтағы мал басының сақталуын
ұжымдық жаю арқылы қамтамасыз етуді сұрайды.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Тараздағы жұмбақ өлім: Ер адамды аяусыз ұрып-соғып, өз көлігімен ауруханаға әкелген

Тараздағы жұмбақ өлім: Ер адамды аяусыз ұрып-соғып, өз көлігімен ауруханаға әкелген

10.09.2026, 18:56
№17 Жамбыл колледжінің басшысы ауысты

№17 Жамбыл колледжінің басшысы ауысты

09.09.2026, 21:36
«Білім-инновация» лицейлеріне жаңа директорлар тағайындалды

«Білім-инновация» лицейлеріне жаңа директорлар тағайындалды

09.09.2026, 20:32
Жамбыл облысында грант иегерлеріне менторлық қолдау көрсетілуде

Жамбыл облысында грант иегерлеріне менторлық қолдау көрсетілуде

08.09.2026, 12:05

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Президент VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына үлес қосқан бір топ азаматқа мемлекеттік наградалар табыстады

11.09.2026, 18:00

eGov «қызметкері» Тараз тұрғынының атына 7 несие рәсімделгенін айтып, 2 млн теңгесінен айырды

11.09.2026, 13:00

Екі кереуетке 210 млн теңге: Жаңаөзенде аурухана қаржысын жымқырған күдіктілер қамауға алынды

11.09.2026, 09:00

Енді Kaspi.kz қосымшасында айыппұлдың видеосын көруге болады

10.09.2026, 19:23

Тараздағы жұмбақ өлім: Ер адамды аяусыз ұрып-соғып, өз көлігімен ауруханаға әкелген

10.09.2026, 18:56

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

    Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.