• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 02:56
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жамбыл облысында экономикалық өсім 13,8%-ды құрады

Облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен облыс әкімдігінің алқа мәжілісінде 2025 жылдың алғашқы алты айының қорытындылары қаралды.

Turan Redaktor Turan Redaktor
31.07.2025, 23:55
Облыс жаңалықтары
Жамбыл облысында экономикалық өсім 13,8%-ды құрады
19
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жартыжылдықтың қорытындысы бойынша өңірдегі экономикалық өсім 13,8%-ды құрады. Негізгі салалар бойынша оң динамика тіркелді: өнеркәсіп – 20,6%-ға, оның ішінде өңдеуші өнеркәсіп – 15,4%-ға, ауыл шаруашылығы – 4,3%-ға, құрылыс – 11,5%-ға, тұрғын үй құрылысы – 2,2%-ға, сауда – 3%-ға, көлік – 11,8%-ға, байланыс – 9,6%-ға өсті.

Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 627,6 млрд. теңгені құрап, 2024 жылдың сәкес кезеңімен салыстырғанда 20,6%-ға артты. Өңдеуші өнеркәсіптің үлесі 64%-ды құрап, алты айда 401,9 млрд. теңгенің өнімі өндірілді.

Экономикалық өсімнің қозғаушы күштері ретінде химия өнеркәсібі (1,3 есеге өскен), тамақ өнеркәсібі (1,2 есеге), құрылыс индустриясы (1,6 есеге), машина жасау (1,5 есеге), қағаз өндірісі (1,3 есеге), резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру (1,9 есеге) артқан.

Ауыл шаруашылығы саласында 98,9 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, барлық аудандарда оң нәтиже байқалды.

Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 301,8 млрд. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 48,1%-ға артты. Биыл жалпы құны 175 млрд. теңгені құрайтын 30 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған, нәтижесінде 1143 жаңа жұмыс орны ашылады. Қазіргі уақытта 11,5 млрд. теңгеге 6 жоба іске қосылып, 148 жұмыс орны құрылды.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 138,7 млрд. теңгеге жетіп, 11,5%-ға өсті. Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі – 317,7 мың шаршы метр, өсім – 2,2%. Қазіргі таңда бюджет есебінен 2550 пәтерлік 52 көпқабатты үйдің құрылысы жүргізілуде.

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Сандуғаш Абдралиеваның айтуынша, кейбір аудандарда төмен көрсеткіштер байқалады. Өз кезегінде Ербол Қарашөкеев жұмысына салғырт қараған аудан әкімдеріне жұмысты ширатуды қатаң ескертті.

Алқа мәжілісінде қаржы басқармасының басшысы Батырхан Әкек те баяндама жасап, алты ай ішіндегі бюджеттің орындалуына және өңірдің қаржылық көрсеткіштеріне жүргізілген талдау нәтижесін ұсынды.

Аудандар мен басқармаларға бюджет қаражатын қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиімді әрі мақсатты игеру бойынша тапсырмалар берілді.

Облыс әкімі халықтың табысын арттыру және тұрақты жұмыс орындарын ашу үшін мемлекеттік қолдау шараларын ұтымды пайдалану қажет екенін атап өтті.

– Алты айдың қорытындысына сәйкес кейбір басшылардың жекелеген көрсеткіштер бойынша артта қалғанын көріп отырмыз. Берілген тапсырмалардың уақытылы орындалмауы және жұмысқа салғырт қараған басшылардың тәртіптік жауапкершілікке тартылатындығын ескертемін, – деді облыс әкімі.

Ербол Қарашөкеевтің айтуынша, инвестиция тарту – басым бағыттардың бірі болып қала береді. Әсіресе, көлік логистикасына ерекше назар аудару қажет, себебі бұл – инвесторлардың қызығушылығын арттыратын факторлар қатарында.

Жиында аймақ басшысы елді мекендердегі қауіпсіздік пен абаттандыру жұмыстары – халықтың билікке деген сенімін арттыратынын ерекше атап өтті.

– Әрбір елді мекен жайлылық және қауіпсіздік стандарттарына сай болуы тиіс, – деп түйіндеді Ербол Қарашөкеев.

Тегтер: Ербол Қарашөкеев
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.