• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 06:42
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жамбыл облысында экологиялық бақылау күшейді

Жамбыл облысында қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.

Turan Redaktor Turan Redaktor
22.07.2026, 11:13
Облыс жаңалықтары
Жамбыл облысында экологиялық бақылау күшейді
18
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жамбыл облысында қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. 2026 жылдың алғашқы алты айында Жамбыл облысы бойынша Экология департаменті мемлекеттік экологиялық бақылауды күшейтіп, заң талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар маңызды жұмыстарды жүзеге асырды. Бұл туралы департаменттің жартыжылдық қорытындысына арналған баспасөз мәслихатында айтылды.

Есепті кезеңде департаментке 310 азаматтың өтініші келіп түсіп, олардың барлығы заң талаптарына сәйкес қаралды. Сонымен қатар, 1725 кіріс және 969 шығыс құжат рәсімделіп, азаматтарды жеке қабылдау тұрақты негізде ұйымдастырылды. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және мемлекеттік қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында қызметкерлерге арналған құқықтық семинарлар өткізіліп, жемқорлық тәуекелдеріне тұрақты талдау жүргізілді.

Экологиялық реттеу саласында Жамбыл облысындағы I санатқа жататын 47 ірі кәсіпорынның қызметі бақылауда тұр. Биылғы алты айда қоршаған ортаға әсер етуге рұқсаттар, мемлекеттік экологиялық сараптамалар және қоршаған ортаға әсерді бағалау бағыттары бойынша жалпы 92 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Мемлекеттік қызмет көрсету барысында заң талаптарына сәйкес келмеген 69 өтінімге негізді түрде бас тарту шешімі қабылданғанымен, қызмет алушылар тарапынан ешқандай шағым немесе наразылық тіркелмеген.

Мемлекеттік экологиялық бақылау аясында 19 тексеру жүргізіліп, оның нәтижесінде экологиялық заңнаманы бұзудың 51 фактісі анықталды. Заң бұзушылықтарға жол берген 90 тұлғаға жалпы сомасы 140,9 миллион теңге әкімшілік айыппұл салынды. Оның 99 пайызы ерікті түрде өндіріліп, заң талаптарының орындалуы қамтамасыз етілді.

Зертханалық-талдамалық бақылау жұмыстары да белсенді жүргізілді. Алты ай ішінде 43 зертханалық тексеру ұйымдастырылып, 148 сынама алынып, 715 зертханалық талдау орындалды. Зерттеу нәтижесінде экологиялық нормативтердің 27 рет бұзылғаны анықталды.

Атмосфералық ауаның сапасын бақылау бағытында «Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Минералды тыңайтқыштар зауытында жүргізілген жоспардан тыс тексеру барысында зиянды шығарындылардың белгіленген нормадан асып кеткені анықталып, кәсіпорынға 116 миллион теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Айыппұл толық көлемде өндірілді. Сонымен қатар, әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында тараған түтін мен күкірт иісіне қатысты ақпараттар бойынша жедел мониторинг жүргізіліп, санитарлық-қорғау аймағынан тыс жерлерде шекті рұқсат етілген концентрациядан асып кету фактілері тіркелмеді.

Экологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында полиция қызметімен бірлесіп өткізілген «Таза ауа» рейдтері барысында 66 автокөлік тексеріліп, олардың 11-інде шығарындылардың белгіленген нормативтерден асқаны анықталды. Ал «Қазгидромет» РМК жүргізген мониторинг нәтижесіне сәйкес, Тараз қаласындағы атмосфералық ауаның ластану деңгейі «төмен» санатында бағаланған.

Өнеркәсіптік шығарындыларды үздіксіз бақылау мақсатында облыстың алты ірі кәсіпорнында автоматтандырылған мониторинг жүйелері жұмыс істеп тұр. Бұл жүйелер зиянды шығарындылар туралы мәліметтерді онлайн режимде мемлекеттік органдарға тұрақты түрде жіберіп келеді.

Су ресурстарын қорғау бағытында да бақылау шаралары жалғасты. «Жамбыл-Су» кәсіпорнына жүргізілген тексеру барысында төгінділердің белгіленген нормадан асқаны анықталып, кәсіпорынға 4,8 миллион теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Сонымен қатар, Шу, Талас, Ақсу және Қарабалта өзендерінен су сынамалары алынып, олардың сапасына зертханалық талдау жүргізілді.

Тұрмыстық қатты қалдықтар полигондары да ерекше бақылауда. Есепті кезеңде полигондарда екі өрт фактісі тіркеліп, жауапты ұйымдарға әкімшілік айыппұлдар салынды. Жалпы облыстағы 167 қатты тұрмыстық қалдық полигонының 26-сында экологиялық рұқсаттардың жоқ екені анықталып, оларды заң талаптарына сәйкестендіру бойынша тиісті шаралар қолға алынды.

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ғарыштық мониторинг арқылы облыс аумағында 98 бейберекет орналасқан қоқыс үйіндісі анықталды. Қазіргі таңда олардың 95-і толық жойылып, жергілікті атқарушы органдар тарапынан тазарту жұмыстары жүргізілді.

Бүгінде Жамбыл облысында экологиялық ахуалды жақсарту мақсатында кешенді жұмыстар жалғасуда. 2023–2026 жылдарға арналған өңірдің экологиялық мәселелерін шешу жөніндегі Жол картасы аясындағы 25 іс-шараның 13-і толық орындалып, қалған 12-сі іске асырылу үстінде. Сонымен қатар, «Қазфосфат» ЖШС 2026–2030 жылдарға арналған қоршаған ортаға теріс әсерді төмендетуге бағытталған жаңа Жол картасын әзірледі. Онда фосфогипс қалдықтарын қайта пайдалану, құрылыс материалдарын өндіруде қолдану және арнайы орындарда көму арқылы экологиялық жүктемені азайту көзделген.

Жалпы алғанда, Жамбыл облысында экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, өндіріс орындарының жауапкершілігін арттыру және табиғатты қорғау талаптарының орындалуын бақылау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Қабылданып жатқан шаралар өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға және тұрғындардың қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыруға бағытталған.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.