Шуақты қыркүйек айының алғашқы күні барлық құт мекен білім алушыларға есіктерін айқара ашып, мектеп табалдырығын алғаш аттаған кішкентай бүлдіршіндерді ықыласпен қарсы алды.
Жамбыл облысында 2021-2022 оқу жылының «Білім күні» іс-шарасы дәстүрлі форматта өтті. Биыл облыстағы 443 мектепте 240 мыңнан аса оқушы білім алатын болады.
Жаңа оқу жылында 1 сыныпқа 22721 бүлдіршін қабылданып, бүгін мектеп табалдырығын аттады.
Облыстағы барлық білім мекемелерінде «Алғашқы қоңырау» салтанатты рәсімі барысында 1-сынып оқушылары А.Байтұрсыновтың әдістемесі негізінде әзірленген «Әліппе» оқулығымен толықтай қамтылды.
Сондай-ақ жаңа оқу жылында оқушылар оқулықтармен 100% қамтамасыз етіледі деп жоспарлануда.
Ал 2-11 сынып оқушыларына 1 қыркүйекте білім күніне арналған ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында сынып сағаты өткізілуде. Сынып сағаты әр сынып үшін жеке кабинеттерде санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізілмек.
Өңірлік коммуникациялар қызметі






