• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Жамбыл облысында бабалар дәстүрі қайта жаңғырды

Тараз қаласындағы «Grand bazaar» сауда кешенінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.

17.03.2024
0
Жамбыл облысында бабалар дәстүрі қайта жаңғырды
47
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні Жамбыл облысында ел жадында сақталған ғұрыптар насихатталды.

Бұл күні Тараз қаласындағы Ы.Дүкенұлы атындағы мәдениет үйінде «Ұмыт болған оюлар» тақырыбында құрақшылар әлемі фестивалі ұйымдастырылды.

Шара барысында қала тұрғындары мен қонақтары қолөнершілердің туындыларынан құралған көрмені тамашалады.

Бұл күні Жуалы ауданындағы Нұрлыкент ауылдық мәдениет үйінде халқымыз үшін қастерлі жоралғылардың бірі – Бесікке салу дәстүрі дәріптелді.

Бесік тойға жиналған әйелдер қауымы нәрестеге ізгі тілектерін арнап, оның үстіне тоғыз жабу жапты.

Мереке барысында бесік жыры айтылып, ауылдың алты ауызы орындалды. Көнекөз әжелер ою-өрнекпен жабдықталған бесіктің қадір-қасиеті жөнінде мол мағлұмат берді.

Меркі ауданында шаңыраққа келген қонаққа су құю дәстүріне сай көрініс көпшілік назарына ұсынылды. Ардагер ұстаз Әшімкүл Өмірбекова бастаған №35 мектептің оқушылары «Сүлеймен де су құйған» тақырыбында қойылым қойды.

Сондай-ақ бұл күні Меркі ауылдық округінің аналар кеңесі мен «Дәстүрге жол — қазақ аналары» қоғамдық бірлестігінің мүшелері жүн түту, келі түю сынды бірқатар дәстүрлерді жаңғыртты.

Қордайда жылжымалы кино-қондырғы автоклубының ұйымдастыруымен аудандық мәдениет үйі мен 9 елді мекенде бір мезгілде «Мағжан» фильмі көрсетілді.

Осылайша, Отар, Кенен, Масаншы, Сортөбе, Ауқатты, Қарасу, Әлжан ана және Жамбыл ауылының тұрғындары қазақ әдебиетінің жарық жұлдызымен қайта қауышты.

Сонымен қатар, осы күні аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары қазіргі кезде қолданыстан қалып бара жатқан ұлттық фольклордің бірі — Жарапазан жырын қайта жаңғыртты.

Жамбыл ауданында мәдениет және салт-дәстүр күні киіз үй тігіліп, ұлттық тағамдар әзірленді. Бұл күні аудан тұрғындарының назарына қолөнер бұйымдарының көрмесі ұсынылды.

Шара барысында жиналған қауым «Қара жорға» биін тамашалап, жалынды жастар алтыбақан тепті.

Айта кетейік, осы күні Тараз қаласындағы «Grand bazaar» сауда кешенінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.

Жәрмеңкеге Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Меркі, Қордай, Шу аудандары мен Тараз қаласы тауар өндірушілерінің 39,9 тонна өнімдері жеткізілген.

Төмен бағада сатылымға шығарылған өнімдер нарықтағы бағадан 10-20 пайыз төмен мөлшерінде саудаланды.

Танымал жаңалықтар

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (2 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (2 бөлім)

09.07.2026
0

Сайлау додасы қызып тұр: «Әділет» партиясының тізімінде Жамбылдан кім бар?

Сайлау додасы қызып тұр: «Әділет» партиясының тізімінде Жамбылдан кім бар?

10.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

09.07.2026
0

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

10.06.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты