• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК АЛУШЫЛАР 1,5 ЕСЕГЕ АРТАДЫ

05.03.2019
0
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК АЛУШЫЛАР  1,5 ЕСЕГЕ АРТАДЫ
3
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында облыс әкімінің орынбасары Талғат Момышев, облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Құдайберген Қорғанбаев, облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Сәкен Арубаевтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Спикерлер Қазақстан Республикасы Президентінің «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде айтылған тапсырмаларын орындау туралы баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Елбасының «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезінде берген тапсырмаларына сәйкес облыста ауқымды жұмыстар жоспарланып отыр. Съезде Елбасы тұрғындардың кірістерін ұлғайту және аз қамтылған топтарға қолдау көрсетіп, тұрғын үй мәселелерін шешу, сонымен қатар өңірлерді кешенді дамыту қажеттілігі туралы айтқан болатын. Сондықтан да бүгінгі күннің әлеуметтік саясаты үш негізгі міндеттерді жүзеге асыруға бағытталып отыр. Ең бірінші міндет табысты арттырып, халықтың аз қамтылған топтарын қолдау. Бұл бағытта Мемлекет басшысы қазақстандық отбасылардың әл-ауқатының деңгейін арттыру жөніндегі шараларды күшейтуді тапсырды.

Нәтижесінде 2019 жылғы 1 шілдеден бастап:

— жалақысы төмен бюджеттік саладағы қызметкерлердің жалақысы 30 пайызға дейін артады. Бұл облыстың 40 мыңнан астам халқын құрайды;

— аудандық және облыстық деңгейде халықпен тікелей жұмыс істейтін атқарушы органдардың төменгі қызметкерлерінің жалақысы орта есеппен 25 пайызға артады, бұл облыстың 2403 қызметкерін құрайды;

Табысы төмен көп балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау шеңберінде:

— аз қамтылған отбасыларды, әсіресе көп балалы отбасыларды қамтуды кеңейту үшін атаулы көмек көрсету өлшемі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызына дейін артады (14849 теңгеден 20789 теңгеге дейін, ПМ – 29698 теңге). Бүгінгі таңда облыста атаулы әлеуметтік көмекпен 75 мың адам немесе 14852 отбасы қамтылған. Есептеу өлшемінің өзгеруі нәтижесінде АӘК алушылар саны 1,5 есеге артып, 116,2 мың адамды немесе 23240 отбасын құрайды. Бұдан басқа, атаулы әлеуметтік көмек алу құқығы бар көп балалы отбасыларға әрбір балаға 20 789 теңге сомасында ең төменгі төлем белгіленді. Мұндай отбасылардың санын анықтау жұмыстар басталып кетті.

Тегтер: TarazturaninfoЖамбылЖамбыл облысыТаразТараз қаласы

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты