• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 11:25
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жамбыл облысында 3 туристік нысанға жаңа жол ашылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Жамбыл облысында туризм саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді

turan_admin turan_admin
05.11.2025, 18:41
Облыс жаңалықтары
Жамбыл облысында 3 туристік нысанға жаңа жол ашылды
39
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter
Президент «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Жергілікті атқарушы органдар әрдайым туризм инфрақұрылымын жан-жақты дамытуға баса мән беріп, осы жұмысқа жауапты болуы тиіс. Қазіргі таңда бұл бағыттағы ең өзекті мәселе – заманауи инфрақұрылым салу. Егер осы міндетті ойдағыдай орындасақ, еліміздің курорттары жер жүзіне танылып, Қазақстанның бетке ұстар ұлттық брендіне айналады», – деп атап өткен болатын.
Осы тапсырмаларды орындау мақсатында өңірде ауқымды жұмыстар атқарылуда. Жергілікті бюджет есебінен 1 млрд. 186 млн. теңге бөлініп, жалпы ұзындығы 34,8 шақырымды құрайтын үш туристік нысанға алып баратын автожол салынды. Құрылыс жұмыстары толық аяқталып, нәтижесінде «Koksai resort» (19,5 шқ), «Таскөл» (2,8 шқ) және «Алмалы» (12,5 шқ) демалыс орындарына жайлы әрі қауіпсіз жету мәселесі шешімін тапты. Бұл өз кезегінде туристер ағынының артуына жол ашып отыр.
2024 жылы 199 107 турист Жамбыл жеріне ат басын бұрды. Олардың басым бөлігі Ресей, Қытай және Өзбекстаннан келген шетелдік қонақтар. Биылғы жылдың II тоқсанының қорытындысы бойынша өңірге 99 852 турист келіп, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,4 пайызға артқан.
Соңғы екі жылда туристерге көрсетілген қызмет көлемі 1,8 млрд. теңгеден 3,6 млрд. теңгеге дейін өскен.
Жамбыл облысы – тарихи-мәдени мұраға бай өңір. Мұнда 3 510 тарихи ескерткіш бар. Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан және ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізілген Баласағұн, Құлан, Өрнек, Костөбе қалашықтары мен «Ақыртас» кешені аймақтың туристік әлеуетін арттырып отыр. Бұған қоса, облыс аумағында 200-ден астам ежелгі қалашықтар бар, ал тау бөктерінде 30-дан астам шатқал орналасқан.
Қазіргі таңда өңірде 224 туристік орналастыру орындары, 395 тамақтану пункті, 7 шипажай, 90 демалыс аймағы, 11 балалар сауықтыру лагері жұмыс істейді. Сонымен қатар 19 туристік компания және 25 көлік қызметін ұсынушы субъектілер туристерге өз қызметтерін ұсынуда.
Облыстың негізгі туристік нысандарының саны – 45, олар бойынша 10 бағыттан тұратын туристік маршруттар әзірленген.
Соңғы жылдары кәсіпкерлердің туризм саласындағы инвестициялық белсенділігі артып келеді. Бүгінде жалпы құны 27,3 млрд. теңгені құрайтын, 30 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Бұл жобалар 430 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.
Өткен жылы үш ірі туристік нысан – Жамбыл ауданындағы «Алмалы» демалыс орталығы, Жуалы ауданындағы «Koksai resort» демалыс аймағы және Тараз қаласындағы «Зербұлақ» аквапаркі іске қосылды.
Биыл жалпы құны 6 млрд. теңге болатын 10 туристік нысанды (10 жұмыс орны) пайдалануға беру жоспарланған. Бұл жобалар облысымызға 170 мың туристің келуіне ықпал етеді.
Бүгінгі күнге дейін 9 жоба іске қосылды. Атап айтқанда, Тараз қаласында тарихи кешен, этно-мейрамхана және аквапарк, Байзақ, Жамбыл аудандарында 3 жол бойындағы сервис кешені, Шу ауданында жаңа демалыс аймағы, Талас ауданында мұз айдыны, ал Т. Рысқұлов ауданында этноауыл кешені өз жұмысын бастады.
Жыл соңына дейін Шу ауданында жол бойындағы сервис кешені ашылады деп күтілуде.
Тегтер: Жамбыл
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.