• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 11:33
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жамбыл облысында 119 елді мекенге ауыз су, газ тартылып, көшелер жарықтандырылады

turan_admin turan_admin
25.11.2021, 20:21
Облыс жаңалықтары
Жамбыл облысында 119 елді мекенге ауыз су, газ тартылып,  көшелер жарықтандырылады
256
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

«Nur Otan» партиясының Жамбыл облыстық мәслихатындағы депутаттық фракциясы кеңейтілген отырысы өтті. Онда партияның 2021-2025 жылдарға арналған «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол карталарының  орындалу барысы қаралды.

Облыс әкімі, партияның облыстық филиалының төрағасы Бердібек Сапарбаев, облыстық мәслихаттың хатшысы Махметғали Сарыбеков қатысты. Сессияға фракция жетекшісі Мұқаш Ескендіров модераторлық етті.

Жиын барысында облыс әкімінің орынбасарлары Талғат Мамаев, Рүстем Дәулет, Дәулет Кәрібек атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады. Сондай-ақ фракция мүшелері Айгүл Ақшалова мен Керімқұл Бегалиев сайлауалды бағдарламаларының орындалу барысы және депутаттық міндеттерін атқаруы туралы есеп берді.

Қатысушылар Тұңғыш Президент — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Саяси кеңестің кеңейтілген отырысындағы «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидатынан туындайтын міндеттер және депутаттардың рейтингісін қалыптастыру мәселелері туралы талқылады.

– Кешегі арнайы мәжілісте «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: баршаға лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасын орындау шаралары талқыланды. Әрбір көрсеткіштердің орындалуына бақылау жүргізуге барлық фракция мүшелері бекітілген. Жауапты мекемелер өзара бірлесе отырып шешу жолдарын қарастыру керек. Алдағы жылдардағы көрсеткіштер осы бастан пысықталуы тиіс,-деп атап өтті облыс әкімі.

Аймақ басшысы Жол картасы аясында 2022 жылы  119 елді мекенге газ, таза ауыз су тарту, көшелерді жарықтандыру,  54 әлеуметтік нысанның және 500 шақырымнан асатын жолдардың құрылысы мен жөндеу жұмыстары жоспарланып отырғанын жеткізді.

— Жол картасының жыл қорытындысы бойынша орындалуы дербес қаралатын болады. Немқұрайлы қараған басшылардың партиялық жауапкершілігі қатаң сұралады. Жол картасы көрсеткіштерінің орындалу сапасы да нұротандық депутаттардың жұмысын бағалаудың басты өлшемі болып табылады, – деді облыс әкімі.

Депутаттарды бағалау әдістемесіне де айтарлықтай өзгерістер енгізілген. Ағымдағы жылдың тамыз айынан бастап пилоттық режимде ақпараттық жүйеде барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының рейтингісі қалыптастырылуда.

Өзгерістерге сәйкес, бұдан былай мәслихат хатшылары мен фракция жетекшілерінің бағалауына Жол картасындағы барлық индикаторлардың орындалуы, оларды қаржыландыру мәселесі, Қоғамдық кеңестердің жұмыс тиімділігі секілді арнайы тармақтар енгізілген. Яғни, оларды бағалау жүйесі күшейтіліп отыр.

— Партияның кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздік жылдарындағы атқарылған шаруаларды саралай келе, жаңа дәуірдегі қазақстандықтарға бағдар болатын «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттарын ұсынды. Олар: Тәуелсіздік – кез-келген азамат үшін ең қастерлі құндылық, Бірлік пен келісім – елдігіміздің мызғымас тұғыры, Жер – ата-баба мұрасы, халық қазынасы, Отбасы мен салт-дәстүр – қоғамның алтын діңгегі, Ұлттық мәдениет – халықтың рухани тірегі, Білім мен еңбек – бақуатты өмірдің кілті, Прагматизм – бәсекеге қабілетті болудың кепілі.

Бұл қағидаттардың халқымыз үшін, әсіресе, жас ұрпақ үшін маңызы зор. Біз үшін оның орындалуы аманат, міндет.

Елдіктің жеті тұғыры – болашағы жарқын, еңсесі тік, рухы асқақ ұрпақтың ұраны.  Біздің алдымызда аталған қағидаттан туындайтын үлкен міндеттер тұр. Бұл тұрғыда облыс тұрғындары арасында кең ауқымды түсіндіру шараларын қолға алуымыз керек,-деген облыс әкімі филиал басшыларына бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.

Бердібек Сапарбаев «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттар жиынтығы мен кеңейтілген Саяси кеңес отырысының қорытындыларын талқылау үшін ірі бастауыш партия ұйымдары, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, беделді қоғам қайраткерлері, сондай-ақ, сарапшылардан құралған спикерлер пулын жасақтау, ақпараттық-түсіндіру топтарын құрып, топтың жыл соңына дейін атқаратын жұмысының кестесін әзірлеуді тапсырды.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Тегтер: ауыз сугаздандыру
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.