• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 08:37
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жамбыл облысына Ирландиядан асыл тұқымды сиырлар әкелінді

turan_admin turan_admin
14.08.2020, 10:32
Абырой, Облыс жаңалықтары
Жамбыл облысына Ирландиядан асыл тұқымды сиырлар әкелінді
278
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

 Жамбыл облысының Жалпақтөбе ауылындағы «Жамбыл ет» ЖШС-не Ирландиядан Ангус тұқымды ірі қара малдың алғашқы партиясы жеткізілді.

Жалпы, «Сыбаға» бағдарламасы бойынша аталған кәсіпорын 1000 бас ет бағытындағы тұқымды сатып алды. Несиеге «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ филиалы арқылы қол жеткізген. Негізі ірі қара мал тұтынушыларға бұған дейін жеткізілуі тиіс еді, бірақ пандемияға байланысты бұл процесс кейінге қалдырылған болатын.

«Жамбыл-ет» ЖШС ет өндірісіне маманданған әрі өндірістің айтарлықтай көлемін қамтамасыз етуге ниетті. Осы орайда ет бағытындағы ірі қара малы бағумен шындап айналысуға ден қойған. Кәсіпорын директорының орынбасары Бақыт Есқалиевтің айтуынша, бұл жағдайда ангус тұқымы өте қолайлы екен.

— Бұлар әзірге 10-15 айлық таналар. Біз оларды алдымен карантинге жібереміз, содан кейін ғана жайылымға шығарамыз. Осы уақыт ішінде біз жануарларға тиісті күтім жасаймыз. Ол үшін бізде барлық жағдай қарастырылған. Жем қоры, қажетті дәрумендер мен минералдар дайындалған, — дейді Бақыт Есқалиев.

5 қыркүйекке дейін қалған 600 бас мал серіктестікке жеткізіліп, ол карантиннен кейін жайылымдарға жіберілмек.

— Жамбыл ауданында жазда мал ұстауға арналған 1000 гектар жайылымдық жеріміз бар. Бұл әзірге жеткілікті. Қажет болған жағдайда, кез-келген уақытта қосымша алаңдарды жалға алуға болады. Қыстық маусымға арналған жем-шөп қоры жеткілікті мөлшерде жиналды, — дейді «Жамбыл ет» ЖШС директорының орынбасары.

— Ангус тұқымынан басқа, болашақта ет-сүт бағытындағы Simmental тұқымды ірі қара малын сатып алуды жоспарлап отырмыз. Бізде сүт өндіруге мүмкіндік бар. Бірақ бұл әзірге жоспар ғана, — дейді «Жамбыл ет» ЖШС директоры Света Шаушенова.

Әкелінген ірі қара малын күтіп, баптау үшін барлық жағдай қарастырылған. Компанияда қазіргі таңда 35 адам жұмыс істейді. Орташа жалақылары 120-130 мың теңге аралығында. Онда екі трактор, екі тиеу арбасы және УАЗ автомобиліне негізделген дезинфектор бар.

Жамбыл облысы әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасының мал шаруашылығы бөлімінің басшысы Балжан Ысқақованың айтуынша, 2020 жылы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша облыста 5 мың бас ірі қара малын сатып алу жоспарланған. Бүгінгі таңда 1 676 бас мал сатып алынған.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.