Сұлтанбаев Қайсар Әбілекұлы Жамбыл облысы, Жуалы ауданының тумасы, Жамбылда жол патрульдік полиция бастығы болған
Жалпы ақпарат, білімі
Арнайы атағы — полиция генерал-майоры.
1990 жылы КСРО Қызыл Жұлдыз орденді Рязань жоғары әскери автомобильдік инженерлікучилищесін бітірді.
Мансап
Еңбек жолын 1990 жылы КСРО ІІМ Ішкі әскер басқармасы моторландырылған полк взводының командирі қызметінен бастады. 1992 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскер жеке бригадасының автоброньды танк қызметінің бастығы болып тағайындалды.
1999-2014 ж.ж. аралығында Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды және Қостанай облыстарының ІІД ЖПБ басшысы болып қызмет атқарды.
2015-2017 ж.ж. аралығында Ішкі істер министрлігінің Орталық аппаратында Автокөлік шаруашылығы бөлінісін басқарды.
2017-2022 ж.ж. аралығында Қазақстан Республикасы ІІМ Тыл департаментінің бастығы.
2022-2023 ж.ж. ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының қ.а.
2023 — 03.10.2025 ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасы.






