Қоғамдық тәртіпті сақтау мен қылмыспен күресте азаматтарға сапалы мемлекеттік қызмет көрсету мен халық сенімін арттыру бойынша кешенді ұйымдастырушылық және жедел-профилактикалық іс-шаралар жүйелі түрде қамтамасыз етілуде.
Жыл басынан департамент бөлімдерімен қоғамдық қауіпсіздікпен байланысты түскен 38 мың 494 хабарламалар мен арыз-шағымдар қаралды.
Қабылданған шешімдермен келіспеген 139 азамат департамент бастығының жеке қабылдауында болды.
Жалпы бұзақылықтың ашылу пайызы 87-де 7-ден 68-де 5-ке төмендеуіне қарамастан, ауыр санаты бойынша көрсеткіш 9-да 9 пайызға жақсарды.
Қоғамдық орындардағы қылмыстардың алдын алу мен ашуда бейнекамералардың көп көмегі тиетіні белгілі. Қазіргі уақытта, облыс әкімдігінің қолдауымен облыс орталығында 1250 бейнекамера мен 48 дана «Сергек» кешендері орнатылуда.
Қылмыстың көп орын алатын түрі ол мүліктік қылмыстар, оның ішінде өзекті болып отырғандары бөтеннің мүлкін ұрлау, мал ұрлығы және алаяқтық қылмыстары.
Өзекті мәселенің бірі, ол қалта ұрлығы мен ұялы телефон ұрлықтары.
Жасалған статистикалық мәліметке сай, бұл қылмыстар көбіне қоғамдық автобустарда орын алуына байланысты, осы бағыттағы жұмыстар күшейтілді. Бүгінгі күнде автобус парктерінде қалалық жағдайда адамдар тасымалдауға стандарт бойынша келмейтін автобустар әлі жеткілікті. 15 ақпанда жолаушылар тасымалдау компаниялары басшыларымен жұмыс кездесулері өткізілді, онда көп орынды автобустар алу және бейнебақылаумен жабдықтау мәселесі қарастырылды
Есепте тұрған ұрының әр қайсысына «әлеуметтік паспорты» деп аталатын, жеке басы туралы анықтамалық-ақпараттық мәліметтер жинақталып, профилактикалық әсер ету шаралары қамтамасыз етілуде. Олардың 35-сі қылмыстық жауапкершілікке тартылып, 12-сі қамаққа алынды. Бұл жұмыстарды жедел қызмет бөліністерінің мүмкіндіктерін пайдалана отырып белсенді жұмыс жасалуда.
Ағымдағы жылдың 15-19 наурызда Тараз қаласы бойынша «Қалта ұрлығы» локалды жедел-профилактикалық іс-шара өткізілді. Профилактикалық мазмұндағы арнайы бейнероликтер дайындалып, жарияланды.
Мал ұрлықтары
Жиі кездесетін осы қылмыс түрімен күресу мақсатында, бекітілген кестеге сәйкес, осы тоқсан нәтижесімен Бағдарламаны орындау барысы тексеріліп, тиісті ұсыныстар жіберілді. Заңсыз мал тасымалдағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке 95 (ӘҚбТ кодексінің 406 бабы) азамат тартылды.
Ауылшаруашылықтарда малды жаюдың ережесін сақтамағаны үшін, олардың иелеріне 743 әкімшілік құқық бұзушылық хаттамасы толтырылды (ӘҚбТК-нің 408 бабы).
Мал ұрлығымен айналысатын 11 адамнан құрылған 5 қылмыстық топ әшкереленді, 41 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Алайда, мал ұрлығымен күресте шешуін талап ететін мәселелер бар. Соның бірі, жайылымда қадағалаусыз қалған малдың, күзетілмейтін немесе тиісті техникалық түрде нығайтылмаған қора-сарайлардан малдың жиі ұрлануы, яғни, мал иелерінің сақтық шараларын қамтамасыз етпеуі.
Сондықтан, жайылымда малды қадағалаусыз қалдырмас үшін «малшы – мал иесі – жергілікті атқарушы орган» қағидасы бойынша үш жақты келісімшарт жасасу туралы эксперименттік жобасы енгізілген.
Келісімшартқа сәйкес, ауыл шаруашылық үй жануарлары арнайы бөлінген орындарда (жайылымда), нақты уақыт кезеңінде жайылуы қажет және сеніп тапсырылған жауапты тұлғалардың (шопан) қадағалауымен жүзеге асырылуы керек.
Ағымдағы жылдың мамыр айының аяғында Қырғыз Республикасының Ішкі істер министрі милиция генерал-майоры У.Ниязбековпен кездесу өткізіліп, онда Жамбыл облысымен шекаралас Қырғыз Республикасының облыстары арасында өзара іс-қимыл сұрақтары көтерілді. Сонымен қатар, аумақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қылмыстың алдын алу, оның ішінде мал ұрлығы, ұялы телефон және автокөліктер ұрлығы туралы мәселелері талқыланды.
Қазіргі таңда, екі мемлекет үшін де өзекті мәселе, ол ұялы телефон ұрлықтары. Ұрланған заттарды қылмыскерлер елімізден шығарып сатады немесе бөлшектеп өткізеді. Осыған байланысты кездесу барысында, әр бір ұрлық бойынша ізін суытпай мобильдік байланыс арқылы ақпарат алмасу және жұмыс тобын құрып, екі мемлекеттің аумағында іс-шаралар жүргізуге келісім-шартқа қол жеткізілді.
Осы қылмыс түрін алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шаралар, соның ішінде халық арасында түсіндірме жұмыстары күшейтілді. Бұл бағытта полиция және жергілікті атқарушы органдарымен бірлескен кешенді іс-шаралар қабылданды және де жергілікті бұқара ақпарат құралдары мен қоғамдық бірлестік өкілдері де жұмылдырылды.
Қабылданған іс-шаралармен бұл қылмыстың саны едәуір төмендеді (567-ден 497-ге), интернет-алаяқтықтың саны 271-ден 152 немесе 119 фактіге азайған.
АҚПАРАТ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ТАПСЫРЫСЫМЕН ДАЙЫНДАЛДЫ






