• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
Advertisement
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Рухани жаңғыру
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Рухани жаңғыру
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Жамбыл облысы әкімі Нұржігітовтің 1 жылдық жұмысына шолу

07.04.2023
0
Нұржан Нұржігітов: Білім сапасы — басты назарда болуы тиіс
456
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Жамбыл облысы әкімі Нұржан Нұржігітовтің 1 жылдағы атқарған жұмыстары мен айтулы оқиғалары

07.04.2022 – 07.04.2023

ҰҚК Шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің жаңа ғимараты пайдалануға берілді

Тараз қаласында Жамбыл облысы бойынша Шекара қызметі департаментінің әкімшілік ғимаратының салтанатты ашылуы өтті.

Облыс әкімі Н.Нұржігітов салтанатты шара барысында сөз сөйлеп, ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Шекара қызметінің әскери қызметшілеріне өңірдегі қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз етудегі еңбектері үшін алғыс білдірді.

Жамбыл облысының әкімі Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімовті мерейтойымен құттықтады

Тұлғаның мерейтойына орай Асқар Тоқпанов атындағы облыстық қазақ драма театрында Халық әртісінің шәкірттерінен құралған «Жаңа ғасыр» театрының актерлері «Тағдыр тағдыры» спектаклін ұсынды.

Қойылым басталмас бұрын Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов пен Асанәлі Әшімовтың қатысуымен қазақтың тұңғыш театр режиссері Асқар Тоқпановтың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.

Спектакльден  кейін сахнаға шығып, құттықтау сөз сөйлеген облыс әкімі Нұржан Нұржігітов Асанәлі Әшімовтің еліміздің рухани-мәдени өміріне қосқан зор үлесін атап өтіп, оның асқан таланты, ерік-жігері мықты қасиеттеріне айрықша тоқталды.

Жамбыл облысында «Қымызмұрындық-2022» шарасы өтті

Жамбыл облысы Талас ауданында облыстық «Қымызмұрындық-2022»  этно-фестивалі өтті. Қарт Қаратау бөктерінде ұйымдастырылған игі шараға облыс әкімі Нұржан Нұржігітов қатысты.

Ұлттық дәстүрімізді жаңғыртқан шара барысында келушілерді әжелер қазақы қонақжайлық пейілмен шашу шашып қарсы алып, ыстық бауырсақ пен қымыздан дәм татқызды. Барлық қонақтарға осындай ілтипат көрсетілді.

Жамбыл облысының әкімі Сурдлимпиада ойындарының жүлдегерлеріне пәтер сертификаттарын табыстады

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Сурдлимпиада ойындарының жүлдегерлері және қатысушыларымен кездесті.

Кездесуде аймақ басшысы аталған байрақты бәсекеде ел намысын лайықты қорғап, нәтижелі өнер көрсеткен жамбылдық спортшыларды құттықтап, ризашылығын жеткізді.

Таразда оқушылар сарайы ашылды

Мемлекет басшысы жариялаған Балалар жылына арналған іс-шаралар жоспары аясында 1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Таразда «Бақытты болашақ» оқушылар сарайының ашылу салтанаты өтті.

Салтанатты шараға Ресей Федерациясы мен еліміздің барлық өңірінен келген педагогтар қатысты. Жаңа оқушылар сарайында барлығы 81 үйірме жұмыс істейтін болады.

Нұржан Нұржігітов балалар үйінің түлектеріне жаңа пәтер кілттерін табыс етті

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Халықаралық балаларды қорғау күніне орай өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығына барды.

Балаларды мерекемен құттықтаған аймақ басшысы оларға естелік сыйлықтар тарту етті.

Салтанатты шара барысында облыс әкімі Қ.Сарымолдаев атындағы бұрынғы балалар үйінің тәрбиеленушісі Закир Сейітқановқа және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған В.Савва атындағы мектеп-интернатының тәрбиеленуші-түлектеріне Сандуғаш Иманқұловаға Тараз қаласының 15 шағын ауданынан жаңа пәтерлердің кілттерін табыстады.

Нұржан Нұржігітов 100-ге жуық дарынды оқушыны марапаттады

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов халықаралық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанып жүрген дарынды оқушылармен кездесті.

Кездесуге облыс мектептерінен барлығы 93 оқушы қатысты.

Кездесуге келген барлық балалар облыс әкімінің Алғыс хаты және ақшалай сертификаттармен (100 мың теңгелік) марапатталды. Дарынды оқушылардың  ұстаздарына да (15 мұғалім) облыс әкімінің Құрмет грамотасы және Алғыс хаттары табыс етілді.

Таразда «Қазақстанның үздік тауары-2022» өңірлік көрме-байқауы өтті

Бұл күні «Көне-Тараз» тарихи-этномәдени кешенінің көрме залында азық-түлік, химия, жеңіл өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы саласы мен құрылыс индустриясында өзіндік орны бар  82 тауар өндіруші өз экспозицияларын ұсынды.

Шу ауданында «Егінжай күні – 2022» семинары өтті

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Шу ауданында өткен “Егінжай күні — 2022” семинарына қатысты. Тәжірибе алмасу мақсатында «Qyzylsha» ЖШС-нің егістік алқабында ұйымдастырылған шараға барлық ауданның әкімдері мен олардың ауыл шаруашылығы саласына жетекшілік ететін орынбасарлары, елімізге белгілі ғалымдар, арнайы мамандар шақырылған.

Тараз төрінде Еңбек Ері, Халық жазушысы Мұхтар Шахановтың 80 жас мерейтойы аталып өтті

Таразда Қазақстанның Еңбек Ері, Халық жазушысы және Қырғызстанның халық ақыны Мұхтар Шахановтың 80 жас мерейтойына арналған «Ғұмыр-дария» атты ән мен жыр кеші өтті.

«Баласағұн» орталық концерт залында өткен шараға ақынның оқырмандары, қалың жұртшылықпен бірге Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов те қатысты.

ҚР Жамбыл облысы мен РФ Ленинград облысы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов бастаған Жамбыл облысының делегациясы жұмыс сапарымен Ресей Федерациясының Санкт-Петербург қаласына келді.

Жұмыс сапары аясында Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Ленинград облысының губернаторы Александр Дрозденкомен кездесті.

Кездесу қорытындысы бойынша сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және әлеуметтік-гуманитарлық салалары бойынша ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Нұржан Нұржігітов Балтық аймақтық BRIEF`22 инвестициялық форумына қатысты

Санкт-Петербург қаласына жұмыс сапары аясында облыс әкімі Нұржан Нұржігітов бастаған жамбылдық делегациясы BRIEF`22 Балтық аймақтық инвестициялық форумына қатысты.

Форумның пленарлық отырысында сөз алған Нұржан Нұржігітов бұл шара екі өңірдің өзара тиімді ынтымақтастығына тың серпін беретінін атап өтіп, Жамбыл облысының инвесторлар үшін тартымдылығы мен жоғары әлеуетіне тоқталды.

Тараз Дүниежүзілік қолөнершілер қалаларының тізіміне енді

Жамбыл облысының орталығында төрт күнге жоспарланған халықаралық қолөнершілер көрмесі басталды. «Тараз – қолөнершілер қаласы» тақырыбында ұйымдастырылған ауқымды шараға алыс-жақын шетелдерден және еліміздің әр аумағынан қолөнершілер мен құрметті қонақтар қатысуда.

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов ҚР Мәдениет және спорт министрінің Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков,  Азия-Тынық мұхиты аймағы қолөнершілерінің дүниежүзілік кеңесінің вице-президенті Азиз Муртазаев, Қазақстан қолөнершілер одағының президенті Айжан Бекқұлова, «Асыл Дизайн» сән үйінің «Аспара» брендінің бас дизайнері  Айдархан Қалиев, «Шебер шаңырақ» мүгедектер ҚБ төрағасы Анар Бексұлтанова және Ресей, Өзбекстан, Татарстан, Тәжікстан, Қырғыз Республикаларынан келген бірқатар қонақтар кездесті.

Жамбыл облысында 6 денсаулық сақтау нысаны ел игілігіне берілді

Жамбыл облысында 25 қазан ұлттық мереке – Республика күнін мерекелеу бойынша шаралар бастау алды. Атаулы күнге орай бүгін облыста 6 бірдей денсаулық сақтау нысаны пайдалануға берілді. Олар: Меркі ауданындағы (2), Сарысу (2), Талас және Т. Рысқұлов аудандарындағы ауылдарда ашылған дәрігерлік амбулатория, медициналық пункттер.

Таразда Халық жазушысы Шерхан Мұртазаның ескерткіші ашылды

Таразда Қазақстанның Халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері, жамбылдықтардың мақтанышы Шерхан Мұртазаның 90 жылдық мерейтойы тұлғаның ескерткішінің ашылуымен басталды.

Демеушілік қаражат есебінен жасалған ескерткіш қоладан құйылған. Тұғырдың биіктігі 4 метрге жуық, ал мүсіннің жалпы биіктігі 7,7 метрді құрайды.

Ескерткіштің авторы – мүсінші Айдос Бүркітбаев. Оның жұмысы «Көне Тараз» қоғамдық қоры жариялаған байқаудың қорытындысы бойынша үздік деп танылған. Бұл тұрғыда шығармашылық зиялы қауым өкілдерінен комиссия құрылған болатын.

Таразда Халық жазушысы Ш. Мұртазаның 90 жылдығына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Таразда Халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері, журналистика корифейі Шерхан Мұртазаның 90 жылдығына арналған «Шерхантаным: қазіргі қазақ әдебиеті мен қазақ баспасөзінің даму тенденциялары» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Жамбыл облысында Шерхан Мұртазаның әдеби-мемориалдық музей-үйі ашылды

Жамбыл облысы Жуалы ауданында Халық жазушысы Шерхан Мұртазаның  90 жылдығына орай тұлғаның әдеби-мемориалдық музей-үйінің салтанатты ашылуы өтті.

Шерхан Мұртаза Жуалы ауданы Талапты ауылында дүниеге келген. Туған ауылымен байланысын ешқашан үзбеген. Жазушы өзінің алғашқы шығармаларын, оның ішінде әйгілі «Ай мен Айша» өмірбаяндық романын туған жері Жуалы ауданы мен оның ерекше табиғатына арнаған.

Музейге жазушыға тиесілі тұрмыстық заттар, оның құжаттары, дипломдары, марапаттары, медальдары, отбасымен және достарымен бірге түскен фотосуреттері қойылған. Халық жазушысының ауылдастары, зиялы қауым өкілдері, ғалымдар, мемлекет және қоғам қайраткерлері Шерхан Мұртазаның кабинетін, кітапханасын дәл сол қалпында көріп, тамашалады. Ғимараттың үшінші қабатында бильярд залы бар. Шерхан Мұртаза бір кездері тек қарымды қаламгер ғана емес, бильярд ойының шебері ретінде де өзін көрсете білген.

Жамбыл облыстық «Aq jol» газетінің 100 жылдық мерейтойы аталып өтті

«Баласағұн» орталық концерт залында Жамбыл облыстық «Aq jol» газетінің 100 жылдығына арналған салтанатты шара өтті.

Аймақтағы ата басылым саналатын газет ұжымын Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов құттықтады.

Таразда Илья Жақановтың шығармашылық кеші өтті

Таразда «Қазақстанның Еңбек Ері», Қазақстанның және Қырғызстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы, өнер зерттеушісі, композитор Илья Жақановтың «Жайлаукөл кештері» атты шығармашылық кеші өтті.

«Баласағұн» орталық концерт залында өткен кеште автордың «Жайлаукөл кештері», «Таңғажайып махаббат», «Дүлдүл» атты кітаптардың тұсаукесер рәсімі өтті.

Шараға қатысқан Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов тұлғаның шығармашылық кешімен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.

Нұржан Нұржігітов жас отбасыларға пәтер кілттерін табыстады

Нұржан Нұржігітов «Әулиеата жастары» тұрғын үй бағдарламасы аясында үш жас отбасыға 2 бөлмелі пәтер кілттерін табыстады. Баспаналы болған Әлия Арғынбай, Айжан Игілікова, Берік Шуйншали өңіріміздің білім және денсаулық сақтау саласында еңбек етіп жүрген жас мамандар.

Сурдлимпиада ойындарының жүлдегерлеріне пәтер кілттері табысталды

Жамбыл облысында үздік спортшылар марапатталды. «Жыл үздігі – 2022» спорттық номинацияларды тапсыру салтанатына облыс әкімі Нұржан Нұржігітов қатысты.

Өзінің құттықтау сөзінде аймақ басшысы өңірдегі жетістіктерге, атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарға тоқталды.

Бұдан соң облыс әкімі жылдың үздік спортшыларын түрлі аталымдар бойынша марапаттады. Нақтырақ айтсақ, ХХІV жазғы Сурдлимпиада ойындарының жүлдегерлері Ғабит Есжановқа, Ғасыр Тұрғынбай, Анна Краморова, Асан Нұржан, Фериде Кара Оглы, Олжас Рысжанов, Эвелина Егембердиева, Айдос Түгелбаевқа пәтер кілттері табысталды.

Сондай-ақ, №2 облыстық мамандандырылған балалар – жасөспірімдер спорт мектебі» КММ-і армрестлингтен жаттықтырушы Виталий Трубинге ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Дене шынықтыру мен спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі, Сарысу аудандық ат бәйгесі федерациясының жетекшісі Алпысбай Исабаевқа «Құрметті спорт қызметкері» төсбелгісі берілді.

Өзге де үздік спортшылар ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Құрмет грамомасымен, Облысқа сіңірген еңбегі үшін белгісімен, Жамбыл облысы әкімінің Құрмет грамотасы және Алғыс хатымен марапатталды.

«Бүркіт» ерекше арнайы мақсаттағы жасағының ғимараты ашылды

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Тараз қаласында орналасқан ҚР Ұлттық Ұланы 5513 әскери бөлімінің «Бүркіт» ерекше арнайы мақсаттағы жасағы ғимаратының салтанатты ашылуына қатысты.

Айта кетейік, «Бүркіт» арнайы жасағы өткен жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен құрылған. Ол облыстағы төтенше жағдайларда жауынгерлік міндеттерді орындау, терроризм актілерінің жолын кесу және адамның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, адамның және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қылмыстық және өзге де құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан қорғау мақсатына негізделген.

Таразда 600 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді

Тараз қаласы Барысхан тұрғын алқабында №62 орта мектептің ашылу рәсімі өтті. 600 орындық жаңа оқу ордасын пайдалануға беру шарасына Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов қатысып, мектеп ұжымы мен оқушыларды қуанышымен құттықтады.

Облыс әкімі құландықтарға пәтер кілттерін тапсырды

Т. Рысқұлов ауданы Құлан ауылында 80 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді.

Ауданға жұмыс сапарымен келген облыс әкімі Нұржан Нұржігітов салтанатты шарада жаңа пәтерлердің кілттерін тапсырып, қоныс той иелерін қуанышымен құттықтады.

TURANINFO.KZ

Тегтер: http://turaninfo.kz/turaninfoturaninfo.kz
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
“Жамбыл облысы Жастар мәслихаты” жастар қоғамдық бірлестігі “Жас депутаттар” корпусының IV шақырылымына ҮМІТКЕРЛЕР

“Жамбыл облысы Жастар мәслихаты” жастар қоғамдық бірлестігі “Жас депутаттар” корпусының IV шақырылымына ҮМІТКЕРЛЕР

28.02.2020
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

2
Экстремизм мен терроризмнің алдын алу жолдары

Экстремизм мен терроризмнің алдын алу жолдары

1
Ербол Қарашөкеев Азияда қоласын еншілеген жамбылдық Асланбек Шымбергеновті құттықтады

Ербол Қарашөкеев Азияда қоласын еншілеген жамбылдық Асланбек Шымбергеновті құттықтады

03.10.2023
Жамбылдық полицейлер жастарды есірткі сатушылармен бірлесіп күресуге шақырды

Жамбылдық полицейлер жастарды есірткі сатушылармен бірлесіп күресуге шақырды

03.10.2023
Президент «Мемлекеттік техникалық қызмет» акционерлік қоғамына барды

Президент «Мемлекеттік техникалық қызмет» акционерлік қоғамына барды

03.10.2023
InDrive және Яндекс жүргізушілеріне сегіз сағаттан артық рөлде отыруға тыйым салынуы мүмкін

InDrive және Яндекс жүргізушілеріне сегіз сағаттан артық рөлде отыруға тыйым салынуы мүмкін

03.10.2023
Елімізде биыл өнеркәсіп саласында жаңа 170 жоба іске қосылады

Елімізде биыл өнеркәсіп саласында жаңа 170 жоба іске қосылады

03.10.2023
Премьер-Министр жол-көлік оқиғаларын алдын-алу шараларын қатаңдатуды тапсырды

Премьер-Министр жол-көлік оқиғаларын алдын-алу шараларын қатаңдатуды тапсырды

03.10.2023
Бүгін Азия ойындарында жамбылдық Асланбек Шымбергенов жартылай финалда жұдырықтасады

Бүгін Азия ойындарында жамбылдық Асланбек Шымбергенов жартылай финалда жұдырықтасады

03.10.2023
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2023. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
ZERO.kz

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Рухани жаңғыру
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2023. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
ZERO.kz