• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 03:18
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жамбыл облысы әкімі Бердібек Сапарбаев азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдау өткізді

turan_admin turan_admin
23.09.2021, 14:34
Облыс жаңалықтары
Жамбыл облысы әкімі Бердібек Сапарбаев азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдау өткізді
145
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдау өткізді.

Онлайн режимдегі қабылдауда Байзақ ауданы, Үшбұлақ ауылының тұрғыны Талғат Увалиев тұрғындарға кедергісін тигізіп жатқан құрылысты тоқтатуды сұрады. Яғни, Байзақ ауданындағы Үшбұлақ станциясы маңына «Рауан» ЖШС асфальт даярлауға арналған битум құятын шұңқыр қазуда. Талғат Садықұлы аталмыш құрылыс жұмыстарын тоқтатуды сұрайды. Облыс әкімі бұл мәселе бұған дейін зерделеніп, аталған нысанның құрылыс  жұмыстарын тоқтату туралы ұсыныс «Рауан» ЖШС-не берілгенін хабарлады.    Зерделеу қортындысы бойынша Л.Тулебаевқа ауыл тұрғындарының талаптары жеткізіліп, заңнамаға сәйкес жұмыс жасау қажеттілігі ескертілген.

Тараз қаласының тұрғыны Қуанышбек Әлишеров көне шаһардағы «Тектұрмас» этно-тарихи кешенінде орналасқан «Әулие-Ата» ескерткішіне адамдар табынып жатқанын айтып, алып тастауды ұсынды. Қуанышбек Әлишерұлы ескерткішке табыну Ислам шариғатына сәйкес келмейтіндіктен осындай ойға келгенін айтады.

Алайда, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев бұл ескерткіштің діни негіздегі нысан еместігін түсіндірді.

– Мұндай ескерткіштер табыну орындары болып табылмайды. Көпшілік Жамбыл облысы десе, Әулиеатаны еске түсіреді. Тіпті, бірқатар азаматтар бұл жерді Әулиеата өңірі деп те атайды. Ал, біз жас ұрпаққа Әулиеата кім екенін тек сөзбен ғана жеткізбей, осындай ескерткіштермен ұғындыра аламыз. «Әулие ата» ескерткіші — монументтік өнер құрылысы. Және ол ескерткіш орнатылған орын туристерге тарихы терең Тараздың кешегісін танытып, тынығуға арналған.

Осы секілді тарихи, мәдени ескерткіштер келешек ұрпаққа өз елінің, жерінің өткенін танытатын құрал саналады. Кешегімізге қарап, болашағымызға бағыт алатынымызды ұмытпайық. Қазақстан зайырлы және құқықтық мемлекет. Діни ұстанымдар әр адамның өзіндік наным-сеніміне қарай жүргізіледі. Егер сол ескерткішке табынатындар болған жағдайда сондағы бейнебақылау камералары арқылы анықталып, тәртіпті қадағалаушы полиция қызметі тарапынан түсіндірме жұмысы жүргізіледі, -деді Бердібек Сапарбаев. 

Бұл ретте, айта кету керек, «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Заңына сәйкес, монументтік өнер құрылыстары — тарих және мәдениет ескерткіштеріне жататындықтан, діни бағыттағы нысан болып табылмайды. ҚР Конституциясының 1-бабына сәйкес, «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады» — деп көрсетілген.

Әулие ата ескерткіші Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің жанынан құрылған «Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткіштер мен монументтер жөніндегі» комиссия отырысында 2019 жылдың 25 қазанында қаралып, бір ауыздан шешім қабылданып, орнатуға рұқсат берілген.

Т.Рысқұлов ауданы Мамай ауылына ауыз су, жарық жүргізу керегін және жолды жөндеуді сұраған ауыл тұрғыны Рахат Садуановқа тиісінше жүзеге асырылып жатқан жұмыстар түсіндірілді. Мамай ауылындағы ауыз су мәселесі бойынша жобалық сметалық құжаттама әзірлеуге қаражат қарастыруға бюджеттік өтінім жолданған. Бүгінгі күнге ауыз су ғимаратына қажетті жер телімі анықталуда. Ауыз су жүйесін жүргізу 2023 жылға жоспарланған.  Ал, ауыл жолдарына қатысты Мамай ауылындағы 2 көшенің 1-і жөндеуді қажет ететіндігі айтылды. Ол Қ.Сәтпаев көшесі, мұндағы 1,4 шақырым көше жолына жөндеу жұмыстарын жүргізуге шамамен 23,0 миллион теңге қажет. Ағымдағы жылы жобалау сметалық құжаттамасы әзірленіп, келесі жылға бюджеттік өтінім беруге жоспарланады. Сол секілді елді мекендегі көше жарығы мәселесі бойынша 2022 жылға өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша қаражат қарастырылуда.

 

Жамбыл облысы әкімімінің баспасөз қызметі

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.