Әлишер Ардақұлы Жомарт Тұрар Рысқұлов аудандық мәслихатының депутаттығына №7 сайлау округі бойынша өзін-өзі ұсыну тәртібімен қатысып отыр. Қазір ол Абай атындағы шағын орталықты орта мектептің директоры. Сайлауалды бағдарламасында тұрғындар көтерген мәселелерді аудандық атқарушы органдарға жеткізуді негізгі мақсаты ретінде атады.
Білімі мен еңбек жолы
Әлишер Жомарт 1990 жылғы 28 қыркүйекте Жаңатұрмыс ауылында дүниеге келген. 1996–2005 жылдары ауылдағы Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектепте оқыған. 2009 жылы Тараз қаласындағы Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжін «Қазақ тілі мен әдебиеті» бағыты бойынша тәмамдаған. 2009–2013 жылдары Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетінде информатика мамандығы бойынша білім алған.
2008–2013 жылдары Октябрьшаруа орта мектебінде лаборант болып жұмыс істеген. 2014–2015 жылдары Тұрар Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімінде тәрбие инспекторы қызметін атқарған. 2015 жылы Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектепте әлеуметтік педагог болған.
2015–2021 жылдары Мұхтар Әуезов атындағы тірек мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 2021–2026 жылдары №2 орта мектептің директоры қызметін атқарған. Қазіргі қызметіне дейін білім беру саласында тәрбие жұмысын ұйымдастыру және мектеп басқару бағыттарында еңбек еткен. Жұбайымен бірге бес бала тәрбиелеп отыр.
Дайындаған: «ID Corp» ЖШС.
Тапсырыс беруші: Ә.А. Жомарт.
№7 сайлау округі бойынша Тұрар Рысқұлов аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттың сайлауалды үгіт материалы республикалық бюджет қаражаты есебінен төленді.




