• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 03:17
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жамбыл облысы әкімі Байзақтағы екі ауылдың тұрғындарымен кездесті

turan_admin turan_admin
07.04.2023, 15:23
Облыс жаңалықтары
Жамбыл облысы әкімі Байзақтағы екі ауылдың тұрғындарымен кездесті
294
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Базақ ауданының Үлгілі және Қостөбе ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесті.

Облыстық құқық қорғау органдарының және салалық басқармалардың басшылық өкілдері де қатысқан кездесулер сұрақ-жауап форматында өрбіді.

Алдымен Үлгіліде өткен басқосу барысында ауылдықтар өздерін толғандырып жүрген өзекті мәселелерді сауал ретінде жолдап, жауаптар алды.

Тұрғындар интернет байланысының әлсіздігін, суармалы судың тапшылығын, көпбалалы аналарға көмек түрлері, балалардың ыстық тамағы, қоғамдық көлік, жарықтың жиі сөнуі, жаңа спорт кешенін салу және тағы басқа мәселерді көтерді.

Облыс әкімі барлық сауалдарға облыс деңгейінде атқарылған жұмыстарды негізге ала отырып, жан-жақты жауап берді.

— Байқап отырғанымыздай, округте шешімін күткен мәселелер аз емес. Алайда барлық жұмыстар бюджеттің мүмкіншілігіне сәйкес, арнайы жоспар бойынша рет-ретімен атқарылады. Көп мәселе ауыл әкімінің үйлестіру әрі ұйымдастыруы қабілетіне қарай шешіледі. Ол ауылдықтарды жұмылдыра білуі тиіс. Сіздер де өз кезегінде ауыл, аудан әкімшілігіне сенім артып, ортақ жауапкершілікті сезіне білгендеріңіз маңызды,-деді Нұржан Нұржігітов.

Қостөбе ауылдық округінде өткен кездесуде де ауылдықтар Талас ауылында мәдениет үйі, спорт кешенін салу, ауыз су тарту, жол белгілерін орнату секілді өтініштерін жеткізді.

Аталған округ «Ауыл аманаты» жобасының алғашқы кезеңіне еніп, тұрғындар жеңілдетілген несиеге қол жеткізген болатын. Жобаның бес бағыты бойынша әрекет етіп жатқан қостөбеліктер тұрмыстарын тіктеуде. Сонымен қатар, округте әлеуметтік мәселелерді де кешенді түрде шешу жұмыстары қолға алынған.

 

Кездесулерден кейін облыс әкімі тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдады.

Айта кетейік, өткен жылы облыстағы барлық деңгейдегі әкімдердің халықпен 1200-ден астам кездесуі өтсе, ағымдағы жыл басынан бері осындай 400-ден астам басқосу ұйымдастырылған.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.