• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
12.11.2026, 02:36
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жамбыл облысы Айша бибі ауылында күн электр стансасы салынады

turan_admin turan_admin
07.06.2021, 13:20
Облыс жаңалықтары
Жамбыл облысы Айша бибі ауылында  күн электр стансасы салынады
245
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Облысымызда күннен, желден және судан энергия өндіретін 327,6 мегаваттық 17 станса бар. Бұл республика бойынша 20 пайызды құрайды. Облыс аумағында орналасқан 5 күн, 6 су электр және 6 жел стансалары жұмыс істеуде.
Жасыратыны жоқ, бүгінде елімізде баламалы көздерден қуат алу мәселесі әлі де болса шешілмеген. Ал әлем дамудың жаңа, экологиялық тұрғыдан қауіпсіз жолдарын қажетсінеді. Міне, сондықтан да Қазақстан «Жасыл экономикаға» бет бұрды. Ал бұл еліміздің географиялық орналасу жағдайын, жел және күн энергиясын пайдалану мүмкіндігін, сондай-ақ мұнай және газ ресурстарының энергетикалық әлеуетін ескерсек, жалпы қажеттіліктің орнын толтыру үшін де тамаша мүмкіндік. Жалпы еліміздің сағатына 1 триллион киловатт энергия өндіруге мүмкіндігі бар екен. Бұған елордадағы ЭКСПО-2017 көрме қалашығы толықтай баламалы энергия көздері арқылы жұмыс істеуге көшкенін және қосыңыз. Мұны көріп-біліп отырған сарапшы мамандар еліміздің мүмкіндіктері мен артықшылықтарын толық мойындауда.
Рас, бүгінде әлемде табиғи қазба байлықтар біртіндеп сарқылып, энергия көзіне деген сұраныс артып келеді. Әсіресе мұндай құбылыс Еуропа елдерінде қатты байқалуда. Сондықтан да «РИО +20» Саммитінен кейін Елбасы «Жасыл экономикаға ауысу туралы мәселе көтеріп, Үкіметке тұжырымдамасын әзірлеткені белгілі. Соның арқасында еліміздегі табиғи қорды сақтай отырып, баламалы энергия көздерін пайдалануға бетбұрыс жасалды. Қазіргі таңда республикамызда, облысымызда, соның ішінде біздің ауданда да күн электр стансалары салу мүмкіндігі туып отыр.
Қазақстан Республикасы «Жасыл» экономикаға» өту жөніндегі тұжырымдамасына сәйкес, 2050 жылға қарай жасыл энергия көздерінен өндірілетін қуат күшін 50 пайызға жеткізу жоспарланған. Қазіргі таңда облыста табиғат көздерінен энергия қуатын өндіру орындары нақтыланып, ол 2020-2030 жылдарға арналған болжам картасына енгізілген. Осылайша картаға сәйкес 2020-2030 жылдар аралығында жиынтық қуаты 836 мегаватты құрайтын 12 жобаның тізімі жасалған. Бұдан бөлек, облыс аумағындағы өзендерге және су қоймаларына су электр стансаларын салу бойынша болашақта жүзеге асырылатын жобалар тізімі де әзірленген. Сөйтіп, 2021-2030 жылдар аралығында электр уатын өндіретін стансалар саны 32 нысанға жеткізіліп, 1251 қуат өндіру жоспарланған. Бұл жобаға Жамбыл ауданы «Родина» ЖШС күн сәулелі электр стансасының да құрылысы енгізілген.
Бүгінде облысымызда жел электр стансасы іске қосылғаннан бастап 130 миллион киловаттан астам экологиялық таза энергия өндірген. Қазіргі уақытта қуаттылығы 54 мегаватт болатын қосымша 3 блокты стансаның құрылысы жүргізілуде. Биыл Шу ауданындағы Тасөткел су электр стансасының екінші кезеңі іске қосылды.
Өңірде жаңартылмалы энергетикалық жобалар мықтап қолға алынған. Атап айтсақ, Қаратау қаласының маңында 4 және 4,5 мегаватты құрайтын 2 жел электр стансасын салу жоспарланып отыр. Жаңартылған энергия көздерін құрайтын нысанның бірі – 224 гектар алқапты алып жатқан Жуалы ауданындағы күн электр стансасы. Мұнда сағатына 100 мегаватт энергия өндіріледі. Енді Жамбыл ауданында да дәл осындай, бірақ өндірістік қуаты 150 мегаватты құрайтын күн электр стансасы салынбақ.
«Родина» ЖШС күн сәулелі электр станциясының құрылысы энергетика саласында іске асырылатын инвестициялық жобасы болып саналады. Орналасқан жері Айша бибі ауылдық округі. Жоба бастамашысы «Родина» ЖШС. Серіктестік өкілі Евгений Варягиннің айтуынша, жобаның құны 20 миллиард тенгені құрайды.
Аудан тарапынан жаңа күн электр стансасының құрылысын жүргізу мақсатында 300 гектар жер телімі берілген. Қазіргі таңға «Шелл-Қазақстан» ЖШС инвестициялық жобаны «Родина» ЖШС сатып жиберуіне байланысты жобалық-сметалық құжаттары қайта есептелуде. Іске асыру мерзімі 2021-2022 жылға жоспарланған.
Өңірде жасыл энергия өндіру жобасын жүзеге асыру алғаш қолға алынып отырғандықтан ол алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады. Арнайы жер бөлінген, енді инвестор іске кіріссе болғаны. Ебін тапса дархан даланың суы, соққан желі мен шыққан күні де игілік. Бұл жоба біздің өңірде ғана емес, бүкіл елде экономикалық және экологиялық тұрғыда тиімді жобалар кең қанат жаяды деген сенім мол.Себебі ол – болашақтың энергиясы.

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Тегтер: http://turaninfo.kz/turaninfoturaninfo.kz
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Жамбыл ауданында экологиялық заңнаманы бұзғандарға бақылау күшейді

Жамбыл ауданында экологиялық заңнаманы бұзғандарға бақылау күшейді

11.11.2026, 15:22
«Таза Қазақстан»: Жамбыл ауданында ауқымды абаттандыру мен тазалық жұмыстары атқарылуда

«Таза Қазақстан»: Жамбыл ауданында ауқымды абаттандыру мен тазалық жұмыстары атқарылуда

11.11.2026, 14:15
Жамбыл ауданында 40 миллиард теңгенің екі ірі энергетикалық жобасы іске асырылуда

Жамбыл ауданында 40 миллиард теңгенің екі ірі энергетикалық жобасы іске асырылуда

11.11.2026, 13:52
Мойынқұм ауданында экологиялық ағарту және тазалық жұмыстары белсенді жүргізілуде

Мойынқұм ауданында экологиялық ағарту және тазалық жұмыстары белсенді жүргізілуде

11.11.2026, 12:46
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ауыл инфрақұрылымы, кәсіпкерлік және цифрлық даму: «Әділет» кандидаттары Жуалы ауданының тұрғындарымен кездесті

11.11.2026, 19:44

Адам құқығына назар аудару неден басталады

11.11.2026, 16:33

Жамбыл ауданында экологиялық заңнаманы бұзғандарға бақылау күшейді

11.11.2026, 15:22

«Таза Қазақстан»: Жамбыл ауданында ауқымды абаттандыру мен тазалық жұмыстары атқарылуда

11.11.2026, 14:15

Жамбыл ауданында 40 миллиард теңгенің екі ірі энергетикалық жобасы іске асырылуда

11.11.2026, 13:52

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына үміткерлер анықталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қалалық мәслихатына 88 үміткер тіркелді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына «Әділет» партиясы» тізіміне кімдер енді?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.