• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 04:32
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ТУРИЗМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ 6 АЙДА АТҚАРҒАН ЖҰМЫСЫ

turan_admin turan_admin
14.08.2019, 17:07
Облыс жаңалықтары
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ТУРИЗМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ 6 АЙДА АТҚАРҒАН ЖҰМЫСЫ
407
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» ақпарат алаңында Жамбыл облысы әкімдігі  туримз басқармасының басшысы Аралбекова Қарлығаш Әмірқызының қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Қарлығаш Әмірқызы Жамбыл облысындағы туризм басқармасының соңғы алты айда атқарылған жұмыстары жайлы баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Спикердің айтуынша, облыста 3 365 тарихи-мәдени мұра ескерткіштері орналасқан, оның ішінде 2 934 археологиялық, 111- тарихи, 97 архитектуралы және т.с.с. Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан 5 нысан ЮНЕСКО-нің дүниежүзілік мұралар тізіміне (Ақтөбе (Баласағұн), Құлан, Өрнек, Ақыртас және Қостөбе қалашықтары), сол сияқты 2 нысан Еуразия экономикалық ынтымақтастық ұйымының  «Ерекше тартымды туристік нысандар» тізіліміне енгізілген («Ақыртас» сарай кешені және «Айша бибі» мавзолейі), 5 қорықша-заказник («Берікқара», «Меркі», «Аңдысай», «Үмбет, «Қарақоңыз»), 6 санаторлық-сауықтыру мекемелері, 10 балалар лагерлері орналасқан.

Қазақстанның Алматы, Түркістан, Шымкент қаласының 9 туристік компанияларымен «Ортағасырлық Төрткөл» керуен сарайыда орналасқан «Көне Тараз шеберлері» қалашығымен танысты. Қазіргі таңда Қырғыстан және Өзбекстан мемлекеттерінің туристік компанияларымен жазғы маусымда Ыстықкөлден туристерді «Көне Тараз шеберлері» қалашығына әкелу қарастырылуда. Іс-шараға қазіргі таңда барлығы 5 565 адам тартылған. Олардың 500-ден астамы шетелдік туристер (Германия, Италия, Жаңа Зеландия, Жапония, Болгария, Қырғыстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Ресей мемлекеттерінен), ал еліміздің басқа облыстарынан 1800 турист қамтылды.

Жамбыл облысы бойынша жалпы ұзындығы 495 шақырымды құрайтын ара қашықтықта 9 жол бойғы сервис кешендерінің құрылысын жүргізу орындары айқындалды. Құрылыс жұмыстары 5 аудандық елді мекендерді қамтитын болады (Қордай, Меркі, Т.Рысқұлов, Байзақ және Жуалы). Құрылысы жүргізілуі қажет 8 ЖСК-ің жобалары бойынша 4-і «В» және 4-і «С» санатқа сәйкес.

Талас Алатауының 3200 метр биіктігінде орналасқан, жобалық құны 3 млрд. 355 млн. теңгені құрайтын, «Қаралма» тау-шаңғы базасы» жобасы жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда құрылысқа 274 га жер телімі бөлініп, электр қуатымен жабдықтау, газофикация мен су құбырын жүргізу инженерлік коммуникациялары өтетін жерлері анықталды, автожол құрылысы аяқталды.

Техникалық сипаттамалары бойынша арқанды жолдың ұзындығы 2050 метрді құрайды. Кешеннің құрамына 20 коттедж, 100 орындық 1 мейманхана, әрқайсысы 70 орындық 2 мейрамхана, 30 орындық кафе, бақылау мұнарасы, қызмет көрсету орталығы, 100 автокөлікке арналған автотұрақ, бассейн және басқа да сауда-ойын-сауық орындары кіреді.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.