1985 жылғы 4 қазанда Жамбыл облысы, Тараз қаласында туған.
2008 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2010 жылы Жамбыл облысы бойынша «Би Логистик» АҚ-ның заңгері болып бастаған.
2010–2011 жылдары Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің үкіметтік емес ұйымдармен және діни бірлестіктермен, жарнама құралдарымен жұмыс жөніндегі секторының бас маманы;
2011–2012 жылдары аталған сектордың меңгерушісі;
2012–2016 жылдары Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің үкіметтік емес ұйымдармен және діни бірлестіктермен, жарнама құралдарымен жұмыс жөніндегі секторының бас маманы;
2016–2023 жылдары осы бөлімнің үкіметтік емес ұйымдармен және діни бірлестіктермен жұмыс жөніндегі секторының меңгерушісі;
2023 жылғы ақпан–қыркүйек айлары аралығында Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысының орынбасары;
2023 жылғы қыркүйек айы мен 2024 жылғы шілде айы аралығында Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының этносаралық қатынастар мәселелері жөніндегі бөлімінің басшысы;
2024 жылғы шілде айы мен 2025 жылғы қаңтар айы аралығында Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасы облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының этносаралық қатынастар мәселелері жөніндегі бөлімінің басшысы;
2025 жылғы қаңтар–қараша айлары аралығында Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы қызметін атқарған.
Отбасылы, үш бала тәрбиелеп отыр.







