Қордай аудандық сотымен талап қоюшы А.-ның жауапкер «М.» ЖШС-не жалақыны өндіру туралы азаматтық іс қаралды.
2021 жылдың қараша айында талап қоюшы мен жауапкер арасында еңбек шарты жасалып, 2022 жылдың наурыз айында бұзылған. Аталған мерзім ішінде жауапкермен жалақы жасалмай, ол бойынша берешек 1 838 104 тенгені құраған.
Істі сотқа дайындау барысында татуластырушы-судья тараптардың өтінішхатымен татуластыру рәсімін жүргізіп, оның нәтижесі бойынша тараптар келісім жасады. Аталған келісімнің шарттары бойынша талап қоюшы А. талабынан бас тартады, ал жауапкер 2022 жылдың 15 маусымына дейін 1 843 104 теңге қарызды төлеуге міндеттенеді.
Тараптар арасындағы дау татуласу арқылы аяқталып, серіктестік және іскерлік қатынастар сақталды.
Сот ұйғарымымен келісім бекітілді, іс өндірісімен тоқтатылды.
Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.
Дереккөз: Жамбыл облыстық соты