• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 09:55
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жаңартылған энергия көздері артуда

Елімізде «жасыл» энергия өндірісі артып келеді. Мәселен, 2026 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстандағы жаңартылатын энергия көздері нысандарынан электр энергиясын өндіру көлемі 2,3 миллиард киловат сағатты құраған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15 пайызға жоғары. 2026 жылға арналған болжам бойынша жаңартылатын энергия көздері өндірісі 8,8 миллиард киловат сағатқа деңгейінде күтілуде

Turan Redaktor Turan Redaktor
13.05.2026, 12:07
Облыс жаңалықтары
Жаңартылған энергия көздері артуда
14
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Энергетика министрлігінің айтуынша биыл жалпы қуаты 245 мегаватт болатын 10 жаңа жаңартылатын энергия көздері нысанын іске қосу жоспарланған. Оның ішінде 4 жел электр станциясы, 5 күн электр станциясы және 1 гидроэлектр станциясы бар. Соның ішінде Жамбыл облысында 2 электр стансасын орнату жоспарланған. Яғни, 2 гигеватт жел электр стансаларын Мойынқұм, Талас пен Сарысу аудандарында жүзеге асыру көзделіп отыр.

Жаңартылатын энергия көздері электр энергиясын өндіру құрылымындағы үлесі 2025 жылдың қорытындысы бойынша 7 пайызға жетті. Қазақстан бұл көрсеткішті 2030 жылға қарай 15 пайызға дейін арттыруды жоспарлап отыр. Еліміз таза энергетика секторын дамытуға TotalEnergies, China Power, Masdar және China Energy сияқты белгілі халықаралық компаниялар тартылған. Жалпы ұзақ мерзімді перспективада 2035 жылға дейін елде жаңартылатын энергия көздері 8 ГВт-тан астам қуатын енгізу жоспарланып отыр. Бұл жобалар ұлттық энергетикалық жүйенің тұрақтылығын күшейтіп, энергетикалық қауіпсіздікті арттыруға және энергия теңгерімін әртараптандыруға мүмкіндік береді.

Ал облысымыздың Талас ауданында болашақта 1 ГВа-ты жел электр стансасын салу жоспарлануда. Қазіргі кезде келіссөздер жүргізілуде. Жалпы Талас ауданында табиғат – көзінен «жасыл» энергия өндіру жұмыстары талапқа сай жүргізіліп келеді. Аудан әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Ауданбек Тауасаровтың айтуынша, ауданда 13,5 мегаватты құрайтын үш жел электр стансасы жұмыс істеп тұр.

Президентіміз Жолдауында «Жасыл» экономика – экологияны басымдыққа ала отырып, жер су сол сияқты табиғи ресурстарды тиімді пайдалануды тапсырды. Бұл мақсатта елімізде 2014 жылы «Жасыл экономика туралы» Заң жобасы қабылданды. Құжатта табиғи ресурстарды орнымен қолдана отырып, инфрақұрылымды дамыту, халықтың тұрмыс сапасын арттыру, одан бөлек әлем елдерін алаңдатып отырған өзге де мәселелерді шешу қарастырылған. Бізге бұрыннан таныс дәстүрлі экономика-өндірістік қалдықтарды қайта өңдеу болса, жасыл экономиканың ерекшелігі – баламалы қуат көздерін табиғи ресурстардың көмегімен өндіру. Бұл әдіс өз кезегінде мемлекеттің әлеуетін арттыруға серпін береді.

Атап айтсақ, Қызыләуіт ауылдық округіне қарасты жер аумағынан 2019 жылы «WindPowerCity» және WindElectroCity» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері желден энергия көзін өндіретін құрылғыларды орнатып, жұмыс бастады. Бүгінде әр серіктестік 3  қондырғы арқылы жалпы қуаты 4,5 мегаватт болатын электр энергиясын өндіруде, – дейді ол.

Жасыл экономиканы дамыту мәселесі бойынша Президентіміз халыққа арнаған Жолдауында «Энергетиканы тиімді пайдалануға және басқа да ресурстарды үнемдеуге қатысты нақты нормативтік талаптарды біртіндеп енгізу қажет. 2029 жылға қарай энергияны тұтынуға және энергия шығынына байланысты негізгі көрсеткіштер кемінде 15 пайызға азаюға тиіс. Біз «жасыл» экономиканы дамыту мәселесімен мықтап айналысуымыз керек. Болашақта бүкіл әлем таза энергетикаға көшетіні сөзсіз, – деген болатын.

Бүгінгі күні осы аумақта 2022 жылы құны 5487 миллион теңгені құрайтын 3 жоба жоспарланып, жүзеге асырылды. Әр жобаның құны 1829,1 миллион теңгеге айналды. Осылайша «Жасыл экономика» бағдарламасы аясында іске қосылған «Новатекс», «Шеңгелді», «Шеңгелді-2» ЖШС-і өз жұмыстарын тиісті деңгейде атқарып келеді. Әр кәсіпорын сағатына 4,5 мегаватт электр қуатын өндіруге қауқарлы. Қазір 5 кәсіпорында 21 адам қызмет атқаруда.

Уақыт талабына сай ел экономикасына енгізілген жаңашылдыққа қатысты аудан әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Ауданбек Тауасаровтың айтуынша, бұл электр стансалары ауданның өнеркәсіп саласына елеулі үлес қосуда.

– Бүгінде әлемнің көптеген елдері жасыл экономиканы таңдайды. Өйткені балама қуат көздерін пайдалану арқылы энергияны үнемдеу күн тәртібіндегі басты мәселеге айналған. Өз кезегінде балама қуат көзі – дербес экономиканы қалыптастырады. Желдер электр энергиясын өндіретін 5 кәсіпорын аудан бюджетіне 30-50 миллион теңге көлемінде салық төлеп отыр. Жел электр стансалары Көктал ауылының маңында орналасқандықтан онда жергілікті тұрғындар да жұмыс істейді. Аталған кәсіпорындардың арқасында 9 миллиард теңгенің инвестициясы тартылды. Одан бөлек өнеркәсіптің дамуына да зор үлес қосып отыр, – дейді ол.

Кәсіпорындар жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтып қана отырған жоқ, қайырымдылық шараларына қатысып келеді. Бөлім басшысының айтуынша, ауыл іргесіндегі ескі мешіттің шатырын жауып, ішкі сылақ жұмыстарын жүргізіп, қайта жабдықтауға қаржылай демеушілік танытқан аталған кәсіпорындардың басшылығы.

Бүгінде елімізде жасыл экономиканың маңыздылығы артып келеді. Айталық 2013 жылдың 30 мамырында мемлекеттің инновациялық іскерлігі мен бәсекеге қабілеттігін арттыруға бағытталған Қазақстан Республикасының «Жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасы бекітілді. Сала мамандары құжаттың ел экономикасының орнықты да, тиімді моделін құруға негіз болатындығын айтады. Одан бөлек жаңашылдық экономикалық жүйелерді тұрақтандыруға, қорларды тиімді пайдалану арқылы адам мен табиғаттың арақатынасын теңестіруге сеп болмақ. Еліміз жел және күн энергиясы жөнінен әлемнің ең үздік аймақтарымен теңесе алады. Бұл орайда жасыл экономиканы дамытуды қолға алсақ, баламалы энергия көздерін өндіруге өзге елдерге үлгі болумен қатар, қоршаған ортаны сақтау тұрғысынан да озық мемлекеттер көшіне ілесер едік.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.