• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 04:36
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жаңа құрам – жаңа серпін: Қоғамдық кеңестің жұмысы жандана түсті

Жамбыл облыстық Қоғамдық кеңесінің жаңадан жасақталған құрамы алғашқы маңызды отырысын өткізіп, өз жұмысын белсенді түрде бастап кетті.

turan_admin turan_admin
23.04.2025, 16:41
Қоғам
Жаңа құрам – жаңа серпін: Қоғамдық кеңестің жұмысы жандана түсті
92
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

21 сәуір күні өткен кеңес отырысында бірқатар маңызды мәселелер қаралып, кеңестің алдағы бағыт-бағдары нақтыланды.

Отырыс барысында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңестердің Үйлестіру кеңесі әзірлеген Қоғамдық кеңес мүшелерінің қызметін бағалау әдістемесінің жобасы егжей-тегжейлі талқыланды. Бұл әдістеме қоғамдық кеңес мүшелерінің белсенділігін, тиімділігін, қоғамға ықпал ету мүмкіндігін нақты өлшеуге мүмкіндік береді. Әдістеме негізінде кеңестің қызмет салаларына қарай құрылған төрт тұрақты комиссияның жұмысын жүйелі түрде жүргізу жолдары да кеңінен сөз болды.

Жаңа әдістемеде енгізілген KPI (негізгі тиімділік көрсеткіштері) ұғымы – қоғамдық кеңес мүшесінің қызметтегі белсенділігін, өзіне жүктелген міндетті қаншалықты нәтижелі атқарғанын бағалауға бағытталған. Бұл көрсеткіштер өкілеттік мерзімінде кеңес жұмысының сапасы мен тиімділігін анықтауға негіз болады.

Сонымен қатар, Қоғамдық кеңес мүшелерінің мінез-құлқы мен этикалық нормаларына қатысты арнайы талаптар да қаралып, бұл ережелер Жамбыл облыстық Қоғамдық кеңесі туралы ресми құжатқа енгізу туралы бірауыздан қолдау тапты.

Кеңес отырысында 2025 жылға арналған жұмыс жоспарына енгізілген жаңа толықтырулар мен екінші тоқсанда жүзеге асырылатын қоғамдық бақылау нысандарына байланысты шаралар тізбегі таныстырылды. Бұл өз кезегінде қоғаммен тығыз байланыста жұмыс жүргізуге, жергілікті атқарушы органдардың қызметін бақылауға мүмкіндік береді.

Отырыс аясында қоғамдық мәні бар мәселелерді жан-жақты зерделеу үшін Қоғамдық кеңес жанынан құрылған тұрақты және уақытша жұмыс топтарының міндеттері де кеңінен талқыланды. Олар өңірдегі өзекті мәселелерді саралап, нақты ұсыныстар әзірлеу арқылы шешімдер қабылдауға ықпал етпек.

Қоғамдық кеңес төрағасы Дүйсенәлі Бықыбаев жиын соңында күн тәртібінде қаралған әрбір мәселенің маңыздылығына тоқталып, қоғамдық кеңестің бағалау тетіктерін енгізуі – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын іске асырудағы маңызды қадам екенін айтты. Оның сөзінше, бұл бастама қоғам мен билік арасындағы ашық диалогты нығайтып, азаматтардың мемлекеттік шешімдерге қатысу мүмкіндігін кеңейтеді.

Ақпарат Жамбыл облысы әкімдігі ақпарат және қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік ақпараттық тапсырысы негізінде жарияланды
Тегтер: Жамбыл облысыҚоғамдық кеңес
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Айдархан Қалиев, дизайнер, «Aspara» брендінің негізін қалаушы:   «Бір көйлекті сапалы етіп шығару үшін мың рет толғанамын»

Айдархан Қалиев, дизайнер, «Aspara» брендінің негізін қалаушы: «Бір көйлекті сапалы етіп шығару үшін мың рет толғанамын»

03.09.2026, 12:23
Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (2 бөлім)

«Сайлау қорытындыларына күмән келтіруге негіз жоқ» – Азаматхан Әміртаев

24.08.2026, 15:50
«ХАЛЫҚ ҮНІ» САҚАДАЙ САЙ: ТАРАЗДА ТӘУЕЛСІЗ БАЙҚАУШЫЛАР ДАЯРЛЫҚТЫ АЯҚТАДЫ

«ХАЛЫҚ ҮНІ» САҚАДАЙ САЙ: ТАРАЗДА ТӘУЕЛСІЗ БАЙҚАУШЫЛАР ДАЯРЛЫҚТЫ АЯҚТАДЫ

21.08.2026, 20:05
Партиялардың ақпараттық жұмыстары: апталық шолу (7–13 тамыз 2026)

Партиялардың ақпараттық жұмыстары: апталық шолу (7–13 тамыз 2026)

14.08.2026, 20:55

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.