Өткен аптада Автомобиль көлігі және транспорттық бақылау комитетінің төрағасы Алтай Әлі көлік министрінің бұйрығымен қызметінен босатылып, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары лауазымына Әлі Алтай Сембекұлы тағайындалды.
Алтай Сембекұлы аты-жөнін қоғам қызу талқыланды. Әлеуметтік желіде Ербол Құлымбет Жамбыл облысында транспорттық бақылау бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалғаны жарияланды. Жазбада оның мансап жолындағы жылдам өсуі комитет басшысы Алтай Әлімен туыстығына байланысты болуы мүмкін екені айтылды.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жүргізген тексерісте комитет төрағасы Алтай Әлі мен Ербол Құлымбеттің ата-аналары туған аға-қарындас екені анықталды. Олар бір-біріне нағашы-жиен.
Агенттік «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң бойынша мұндай туыстық жақын туыс немесе жекжат санатына жатпайтынын және мүдделер қақтығысын туындатпайтынын хабарлады.
Соған қарамастан Ербол Құлымбет өз еркімен қызметінен кеткен.
«Әлі ата» мешіті Алтай Сембекұлына қандай қатысы бар?
– Марқұм Сембек інім қайырымдылықты көп жасаған жан еді. Болашақта мешіт тұрғызу ойында болған шығар. Ол, енді, бір Аллаға аян. Інімнің отбасының бастамасымен, ағайын-туыстың қолдап құптауымен осы бір игілікті іс жүзеге асырылып, мешіт жамағаттың игілігіне пайдалануға ұсынылды. Мешіт халық игілігіне қызмет етсе, одан басқа мақсат жоқ. Сауабы Алладан болсын! Бауырларымның бастамасына қолдау білдіріп, жер телімін бөлген билікке де рахмет! – дейді Әлі атаның тағы бір немересі Сәрсенбек Сыпабекұлы.
Сембек Әлінің отбасынан мүшесі қазіргі Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Алтай Сембекұлы.
Алтай Әлі 1985 жылы Жамбыл облысында туған. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін тәмамдаған. Еңбек жолын 2005 жылы бастады. Әр жылдары «Даму» қоры, Астана қалалық соты, премьер-министр кеңсесінде қызмет атқарды. Шымкент қаласы әкімдігінде басшылық лауазымдарда болды. 2021 жылдан бері көлік министрлігінің құрылымдарында түрлі басшылық қызметтер атқарған. 2023 жылы көлік комитетінің төрағасы, кейін көлік және транспорттық бақылау комитетінің басшысы болып тағайындалды.







