• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 08:29
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

ЖАҢА БАСШЫ ЖОСПАРЫМЕН БӨЛІСТІ

turan_admin turan_admin
28.10.2022, 21:53
Денсаулық, Қоғам, Облыс жаңалықтары
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНА ЖАҢА БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
578
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

«Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасының 9-ай қорытындысымен орындалу барысы туралы Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жанар Оспанова брифингте есеп берді хабарлайды TURANINFO.KZ  ақпарат агенттігі. 

Бүгінгі таңда денсаулық сақтау саласы 2021-2025 жылдарға арналған «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасының шеңберінде қыруар жұмыстар атқаруда. 

Ұлттық жобада 8-өңірлік көрсеткіш, оған қосымша, Спорт басқармасымен бірлескен 3 көрсеткіш қамтылған.

Жалпы облыста 388 денсаулық сақтау нысаны қызмет көрсетеді (о.і: аурухана — 26, қалалық емхана — 6, орталық аудандық емхана -10, ауылдық емхана — 5, дәрігерлік амулатория — 122 ФАП — 53, МП – 158, санаторийлер — 2, басқалар-6).

Халықты денсаулық сақтау қызметтерімен кеңінен қамтуды қамтамасыз ету бойынша бірқатар жұмыстар атқарылуда. 

Жамбыл облысы бойынша 11 жылжымалы медициналық кешен (ЖМК) (3 – КАМАЗ мамандандырылған көліктері, 8 – Автобустық мамандандырылған көліктер) 322 елді мекенді қамту жоспарланған (2021 жылы – 320).

2022 жылдың 9 айында ЖМК қамтылған елді мекендер саны – 281 (87%), (2021 жылы – 229 (72%)). Жоспар-1,5%.

Жоспарланған елді мекендерде барлығы 239 269 адамды (2021 жылы – 257 065) медициналық тексерумен қамту жоспарланған. 2022 жылдың 9 айында медициналық тексерумен 214 967 адам (90%) қамтылды, оның ішінде 59 133 бала (2021 жылы – 122 341 (48%), оның ішінде 33 299 бала).

2022 жылдың 9 айында 51 639 диагностикалық зерттеулер, 16 277 зертханалық тексеру, 245 614 бейінді мамандардың консультациясы көрсетілді, (2021 жылы – 39 429 диагностикалық зерттеулер, 14 611 зертханалық тексеру, 97 612 бейінді мамандардың консультациясы көрсетілді).

Тұрғындарды қарау барысында 10 822 науқас анықталды (2021 жылы – 4 274), оның ішінде 6 927 (2021ж – 781) МСАК ұйымына есепке алынды, оның ішінде 2 111 бала (2021ж – 181).

11 жылжымалы медициналық кешеннің 10 жарамды күйде,1 (КАМАЗ) тозған.

Материалдық техникалық базасын нығайтуға жергілікті бюджет есебінен медициналық құрал-жабдықтар және медициналық мақсаттағы бұйымдарды алуға 2,2 млрд.теңге қаржы бөлініп 144 дана медициналық құрал-жабдық сатып алынды (20 экстрокорпаралды мембранды оксигенация аппараты, 40 көп функциональды кереует, 3-анестезияға арналған тыныс алу аппараты, 4 цифрлық рентген аппараты,1 КТ аппараты,1 ЛОР операцияға арналған бейне кешен, 4 ашық неонаталды реанимация жүйесі, 1 эксперттік кластағы УДЗ аппараты және т.б.).

Одан басқа, республикалық бюджет қаражаты есебінен 2,0 млрд. теңге көлемінде 1 дана «Сызықты үдеткіш» сатып алынды.

Нәтижесінде, облыс бойынша медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету – 88,5%-ды құрап, 0,3%-ға төмендеген (2021ж. – 88,8%).

Сонымен қатар, инфрақұрылымды дамытудың маңызы зор.

2022 жылы жалпы құны 9,1 млрд.теңгені құрайтын 24 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілуде (о.і. 7-уі 2021 жылдан өтпелі). Жылдың соңына дейін 23 нысанның аяқталуы жоспарлануда.

1 нысан («Меркі аудандық орталық ауруханасың гинекология бөлімін, жұқпалы аурулар бөлімін, балалар бөлімін, қабылдау бөлімін қайта құру») 2023 жылға өтпелі.  

Оның ішінде:

— «Ауыл-Ел» бесігі шеңберінде 19 дәрігерлік амбулаторияның құрылыс жұмыстары (о.і. 7-уі 2021 жылдан өтпелі);

— Шу қалалық емханасының ғимаратына қайта жаңғырту жұмыстары;

— Байзақ ауданы Сарыкемер ауылында 250 келушіге арналған аудандық емхана құрылысы;

— Шу ауданының Төле би ауылында 48 орынға арналған балаларды оңалту орталығының құрылысы;

— «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде жалпы құны 496 млн.теңгеге 8 медициналық нысандарға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

-2023-2025 жылдары аралығында жалпы 54 медициналық нысандардың құрылысы жоспарланып отыр (ЖСҚ әзірленуде, құны белгісіз).

Биыл 6 нысанның ЖСҚ әзірленуде, қосымша облыстық нақтылауға 18 нысанның ЖСҚ әзірлеуге құны – 228,3 млн теңге бюджеттік өтінім берілді.

2022 жылы 2 нысанның құрылысы қарастырылған, «Сарысу ауданы Тоғызкент ауылында бір аусымда 30 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулаториясы» және «Жамбыл ауданы Қаракемер ауылында 25 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулаторияларының» құрылысы соғылуда.

Бүгінгі күнге құрылыс жұмыстары 90% орындалған. Жоспар-2 нысан құрылысы.

Сонымен қатар, Тараз қаласында қазіргі заманғы аурухана салу бойынша іс-шараны орындау шеңберінде облыстық көпбейінді онкологиялық және хирургия орталығының (2018 жылдан бері өтпелі, сметалық құны өзгерістермен -14,1 млрд.тг) құрылысы аяқталып, а.ж. 25 қазанында халық игілігіне пайдалануға беріледі деп жоспарлануда..

Негізгі әлеуметтік-демографиялық көрсеткіштердің жағдайына тоқталсақ, табиғи өсім көрсеткіші (17,49-дан 14,70-ке) 16%-ға төмендесе, туу көрсеткіші (25,15-тен 27,06-ға) 7,6%-ға біршама өскен.

Соңғы 3 жылда Жамбыл облысы бойынша диспансерлік есепте тұрған балалар арасында 2022 жылы – 5880, 2021 жылы – 5791, 2020 жылы – 5247 болған. 

Мүгедектіктің алдын алу, оларды оңалтудан өткізу, сырқаттанушылық пен мүгедектікті ерте анықтау, ерекше қажеттіліктері бар адамдарға көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында, медициналық оңалту көмегі желісін кеңейту жұмыстары жүргізілуде.

Жамбыл облыстық көп бейінді балалар ауруханасының базасында «Қамқорлық» оңалту орталығы неврология, нейрохирургия, ортопедия, травматология бейіндері бойынша жұмыс жасауда.  

Нәтижесінде, өз өңірімізде сал ауруымен және тірек-қимыл қозғалысы ақаулары бар балаларды сауықтыру және емдеу мүмкіндігі бар.

Орталық жылына 1800-ге жуық баланы қабылдауға мүмкіндігі бар. 2022 жылы 1624 балаға оңалту емі жүргізілді (оның ішінде ДЦП –5876).

Сонымен қатар, Жамбыл облыстық көп бейінді ауруханасында «Ерте араласу орталығын» ашу жоспарланған. Ол 3 жасқа дейінгі балалардың дамуындағы ауытқуды ерте анықтау және кешенді оңалту көмегін көрсетеді. Ерте жастағы көмек балалардың ерте мүгедектігінің алдын алуға мүмкіндік береді.

Мүмкіндігі шектеулі балаларды медициналық оңалтумен қамтуды ұлғайту – 42,2%-ды құрап отыр (2021 жылдың ұқсас кезеңінде 33,3%), жоспар-30%.

«Primary Health Care» Ұлттық қауымдастығымен жасалған ынтымақтастық туралы меморандум аясында 3 үздік тәжірибе орталығы (№5 қалалық емхана, Жамбыл және Меркі аудандарында) құрылды.

Жамбыл облысы әкімдігі алдағы уақытта қала халқына сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек көрсету, әлеуметтік-экономикалық ахуалды жақсарту мақсатында, «Саламатты қалалар, өңірлер» жобасын енгізілуде.

Облыста 3 аудандық орталық аурухананы ауданаралық көпбейінді ауруханаға жаңғырту жоспарлануда. Олар Шу қалалық ауруханасы, Мерке және Талас аудандық ауруханалары.  Оларда инсульт орталықтары, хирургия, реанимация және оңалту бөлімдері болады. Бұл 340 469 астам адамға медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Телемедицина орталығы барлық аудандық орталық ауруханаларда орналастырылған. Ол облыс орталығының ЕАҰ-мен, сондай-ақ Астана қаласының және Алматы қалаларының ҒЗИ-мен тәулік бойы байланысты және телесеанстар өткізуді қамтамасыз етеді.

2022-2023 жылға  қойылатын міндеттер.

1) Медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру;

2) «Primary Health Care» Ұлттық қауымдастығымен жасалған ынтымақтастық туралы меморандум аясында Қордай, Т.Рысқұлов, Талас аудандандық орталық ауруханасы және Шу қалалық емханасында үздік тәжірибе орталықтарын ашу;

3) «Ауыл–Ел бесігі» жобасы шеңберінде 8 нысан (Отар, Сенкібай, Бірлік, Қызылқайнар, Оразалы батыр, Айша бибі, Андас батыр (ауылдық аурухана және ауылдық емхана)) күрделі жөндеуден өткізу және 2022 жылы 2 нысанға реконструкция жүргізу («Жамбыл облысы Шу қалалық емхана ғимаратын қайта жаңарту» және «Меркі аудандық орталық ауруханасың гинекология бөлімін, жұқпалы аурулар бөлімін, балалар бөлімін, қабылдау бөлімін қайта құру»);

4) 2022 жылы Ауыл-Ел бесігі шеңберінде 19 ауылдық-елді мекендерде жаңа құрылыс жұмыстары жүргізу;

5) Сарыкемер ауылында бір ауысымда 250 келушіге арналған аудандық емханасының құрылысын жүргізу;

6) Облыстық көп бейінді онкология және хирургия орталығының ашылуы;

7) Шу ауданы Төле би ауылында 48 орындық балаларды оңалту орталығының құрылысы аяқтап, ашу.

8) «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық жобасы шеңберінде 30 жаңа үлгі нысандарының құрылысын жүргізу жоспарлануда.

Алдағы уақытта әлі де халық денсаулығын жақсарту бағытындағы жұмыстар тоқтамай, қарқынды түрде жүргізіле беретін болады.

Тегтер: Жанар МықтыбекқызыЖанар Оспанова
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Айдархан Қалиев, дизайнер, «Aspara» брендінің негізін қалаушы:   «Бір көйлекті сапалы етіп шығару үшін мың рет толғанамын»

Айдархан Қалиев, дизайнер, «Aspara» брендінің негізін қалаушы: «Бір көйлекті сапалы етіп шығару үшін мың рет толғанамын»

03.09.2026, 12:23
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.