Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі «Үздік ауыл әкімі» конкурсының басталғанын хабарлайды.
Конкурсты өткізу кезеңі: 2022 жылдың маусым-қазан айлары.
Конкурсқа құжаттар 2022 жылдың 10 маусымынан бастап 30 маусымына (қоса есептегенде) дейін қабылданады.
Конкурсқа қатысуға мемлекеттік қызметте әкім лауазымында үш жылдан кем емес өтілі бар, Әдеп кодексінің талаптарын бұзғаны, мемлекеттік қызметке кір келтіретін қылығы үшін алынбаған тәртіптік жазалары жоқ, сондай-ақ соңғы 1 жылда қоғамда теріс пікір тударатын әкімшілік жауапкершілікке тартылмаған, 2021 жылға «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау қорытындысы «тиімдіден» төмен емес бағаланған кент, ауыл, ауылдық округ әкімдеріне жол беріледі.






