Сотпен не анықталды:
А., есірткі затының заңсыз айналысу қылмыстық ойы туындап және оларды өткізу
мақсатында аса ірі көлемде заңсыз сақтау қылмыстық пиғылымен, екі пакетке салып, өзінің
тұрғылықты жері Шу ауданы ауылының біріндегі үйіне алып келіп, жазғы асүйдің бөлмелерінің
біріне қойып, сақтап қойған.
Шу аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен А. есірткі заттарын аса ірі мөлшерде
өткізу мақсатында өзінің тұрғылықты үйінде заңсыз сақтап жатқаны туралы ақпарат алынып,
сол күні тінту тергеу әрекетін жүргізу барысында А.-ның өткізу мақсатында аса ірі мөлшерде
есірткі затын заңсыз жалпы салмағы 4065,00 грамм құрайтын «гашиш» сақтағаны анықталған.
Тараптардың позициясы:
Прокурор сотталушы А.-ға 11 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза
тағайындауды сұрады.
Сотталушы А. кінәсін толық мойындады.
Дәлелдемелер бойынша:
Жасаған іс-әрекеті тергеп-тексеру амалдары жүргізілу барысында толтырылған
процессуалдық құжаттармен, куәлердің жауаптарымен, сараптамалардың қорытындыларымен
және басты сот талқылауында зерделенген қылмыстық істің процессуалдық өзге де
материалдарымен дәлелденді.
Сот шешімі:
Қылмыстық жауаптылық пен жазасын жеңілдететін мән-жайлар ретінде, сот оның оның
шын жүректен өкінуін таныды. Қылмыстық жауаптылық пен жазасын ауырлататын мән-жайлар
сотпен анықталған жоқ.
Сот үкімімен ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі 3-тармағы бойынша А. кінәлі деп танылып,
қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтей отырып, 10 жылға
бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Қайнар: Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған
ауданаралық сотының баспасөз қызметі