• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
05.10.2026, 20:23
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинді «Алтын Қыран» орденімен марапаттау рәсімі

turan_admin turan_admin
15.09.2022, 06:39
Қазақстан жаңалықтары
Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинді «Алтын Қыран» орденімен марапаттау рәсімі
98
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөйлеген сөзі:

 

Құрметті Си Цзиньпин мырза!

Қымбатты досым!

Ханымдар мен мырзалар!

Бүгін ұлы Қытай елінің басшысы Си Цзиньпин мырза Қазақстанға мемлекеттік сапармен келіп отыр. Бұл – біз үшін зор мәртебе. Сіз – халқыңыздың жаппай қолдауына ие болған нағыз көшбасшысыз. Бүкіл Қытайға жаңашылдық, рух беріп, дана саясатыңызбен мемлекетті алға бастап келесіз. Ел басқару ісінде мол тәжірибеңіз және ерекше тұлғалық қасиеттеріңіз бар. Осының бәрі өзіңізді жұртыңыздың ықыласына бөледі. Сіздің басшылығыңызбен халқыңыз жаңа дәуірге қадам басты. Қытай ұлтының ұлы жаңғыру кезеңі басталды. Былтыр Қытай елі бірінші жүзжылдық мерейтойының мақсатын орындады. Оған барша әлем жұртшылығы куә болды. Сіздер кедейлікті біржолата жойып, орташа тұрмысы бар қоғам құрдыңыздар. Тұтас дәуірді өзгерткен осы жеңіс екінші жүзжылдық мерейтойдың басты міндеттерін табысты орындауға жол ашары анық. Қытай Халық Республикасы ғасырлық белесіне дейін дамыған, алдыңғы қатарлы мемлекетке айналады деп сенемін. Сіздің тағдыры ортақ адамзат қоғамдастығын құру туралы озық идеяңыз және «Бір белдеу — бір жол» атты тарихи бастамаңыз жер жүзінің назарын аударды. Осы тұжырым жаңа үлгідегі халықаралық қатынастар жүйесін құруға негіз болды. Бұл үлгі өзара тиімді ынтымақтастық орнатуды көздейді. Сіздің жаһандық қауіпсіздік пен дамуды қамтамасыз ету жөніндегі стратегиялық бастамаларыңыздың маңызы өте зор. Қазір барша адамзаттың алдында күрделі сын-қатерлер тұр. Сіздің ойларыңыз осыған батыл тойтарыс ретінде бағаланып, әлемде кеңінен талқылануда.

Сіздің қазақ-қытай қарым-қатынасын тұрақты дамытуға қосқан үлесіңіз ұшан-теңіз. Біз 2019 жылы өзіңізбен бірге екі елдің ынтымақтастығын жаңа деңгейге көтеруге кірістік. Мәңгілік әрі жан-жақты стратегиялық серіктестік орнатуға уағдаластық. Қазақстан Қытай елімен түрлі саладағы ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі. Біз болашаққа бірге қадам басамыз. Осы жолда мызғымас достықтан айнымаймыз.

Сіз Қазақстан мен Қытай халықтары арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға орасан зор еңбек сіңірдіңіз. Біз мұны жоғары бағалаймыз. Мен осы саладағы айрықша тарихи рөліңізді ескере отырып, Сізді «Алтын Қыран» орденімен марапаттау туралы шешім қабылдадым. Бұл марапат – Қазақстан Республикасының ең жоғары наградасы. Бұл шешім екіжақты қарым-қатынастар шежіресіне алтын әріппен жазылары сөзсіз.

 

Қытай Халық Республикасының Төрағасы Cи Цзиньпиннің сөйлеген сөзі:

 

Құрметті Президент Тоқаев мырза!

Құрметті достар!

Бүгін мені «Алтын Қыран» орденімен наградтадыңыз. Бұл маған ғана көрсетілген ерекше құрмет емес, сондай-ақ Сіздің еліңіздің қазақ-қытай қатынастарын дамытуға зор мән беретінін және қазақ халқының қытай халқына деген достық  сезімін көрсетеді.

Президент Тоқаев мырза, Сізге және достас қазақ халқына шын жүректен ризашылығымды білдіремін. Екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастарға 30 жыл толды. Содан бері қазақ-қытай ынтымақтастығының жоғары даму деңгейі берік сақталып келеді.

Біздің елдеріміз арасындағы саяси өзара серіктестік нығайып келеді. Әртүрлі саладағы ынтымақтастық қарқынды дамуда. Халықаралық қатынастарда тығыз байланыс орнады. Мұның бәрі елдеріміздің дамуы мен өркендеуіне берік тірек болды. Аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылықты қолдауға тың серпін берді.

Осы сапар барысында Президент Тоқаев екеуіміз Қытай мен Қазақстан қарым-қатынасының мәртебесін көтеруге келістік. Болашаққа көз жүгірте отырып, біз мәңгілік достыққа, өзара тиімділікке және өркендеуге бағытталған байланыстарымыздың жарқын болашағына сеніммен қараймыз.

Мен халықтарымыздың достығын танытатын бұл орденді өте жоғары бағалаймын. Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықтың нығайып, елдеріміз бен халықтарымыздың игілігі үшін қыран құстай алысқа самғайтынына сенімдімін!

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Қазақстанда қай өңірлерде қар жауып, үсік түседі: 6 қазанға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда қай өңірлерде қар жауып, үсік түседі: 6 қазанға арналған ауа райы болжамы

05.10.2026, 19:11
Астанада алғашқы қар жауды

Астанада алғашқы қар жауды

05.10.2026, 16:14
Ұстаздар күні: Үздік педагогтерге мемлекеттік награда берілді

Ұстаздар күні: Үздік педагогтерге мемлекеттік награда берілді

05.10.2026, 15:59
Тоқаев ұстаздарға үндеу жасап, білім саласындағы басты міндетті атады

Тоқаев ұстаздарға үндеу жасап, білім саласындағы басты міндетті атады

05.10.2026, 15:50
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда қай өңірлерде қар жауып, үсік түседі: 6 қазанға арналған ауа райы болжамы

05.10.2026, 19:11

Шу қаласы тұрғынының ауласынан 10 келіден астам гашиш табылды

05.10.2026, 19:05

«Таза Қазақстан»: Жамбылда полиция 240 есірткі жарнамасын өшірді

05.10.2026, 19:05

Астанада алғашқы қар жауды

05.10.2026, 16:14

Ұстаздар күні: Үздік педагогтерге мемлекеттік награда берілді

05.10.2026, 15:59

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

    Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облысында бұрынғы аға прокурор екі айға қамауға алынды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ой шебері» зияткерлік ойынында оқылуға міндеттелген 5 кітап

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.