• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 08:39
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Қырғызстан ҚР-дағы МСАК бойынша демонстрациялық алаңның тәжірибесін зерттейді

turan_admin turan_admin
05.10.2022, 09:16
Қазақстан жаңалықтары
Қырғызстан ҚР-дағы МСАК бойынша демонстрациялық алаңның тәжірибесін зерттейді
190
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Қырғызстан Республикасы делегациясының Алматы облысына жұмыс сапары аясында Еңбекшіқазақ ауданының аудандық емханасының базасында МСАК бойынша демонстрациялық алаңның тәжірибесін зерделеу үшін «МСАК көпсалалы бригадаларын дамытудағы халықаралық үрдістер және Қазақстандағы МСАК реформасының тәжірибесі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

«Бұл ДДСҰ-ның Еуропалық аймағында аймаққа мүше 53 мемлекет үшін құрылған МСАК бойынша алғашқы демонстрациялық алаң.
Құрылу мақсаты – орталық буын ретінде жалпы тәжірибелік дәрігерден, медбикелерден, әлеуметтік қызметкерлер мен психологтардан, сондай-ақ қызмет көрсетілетін халықтың қажеттіліктеріне байланысты тартылатын басқа да мамандардан тұратын көпсалалы бригадаларды ұйымдастырудағы Қазақстанның табысты тәжірибесін көрсету»,-деді іс-шараның ашылуында Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник.

Қазақстандағы МСАК жұмысының негізгі қағидаты — қызмет көрсетудің отбасылық принципі, медициналық көмектің үздіксіздігі мен сабақтастығын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін МСАК-тың аумақтық қолжетімділігі.

Вице-министрдің айтуынша, мультидисциплинарлық тәсілді енгізумен қатар, Қазақстанда медициналық ұйымдар мен учаскелер саны артты. Мәселен, соңғы 2 жылда ЖПД-нің 604 жаңа учаскесі және МСАК-тың 93 объектісі ашылды, бұл дәрігерлерге жүктемені азайтуға мүмкіндік берді.
Сондай-ақ, халықтың амбулаторлық деңгейде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілуіне қолжетімділігі артты. МӘМС жүйесін енгізумен АЛО тізбесі 125 нозологияға дейін ұлғайды. Барлығы 616 медициналық ұйым тегін препараттармен қамтамасыз етеді.

Шалғай ауылдардың тұрғындары үшін медициналық көмектің қолжетімділігін жақсарту үшін 2 «Жәрдем» және «Саламатты Қазақстан» медициналық пойыздары және 149 жылжымалы медициналық кешендер жүреді.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанға Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының
Медициналық-санитарлық алғашқы көмектің демонстрациялық алаңы базасында оқу үшін денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері мен медициналық ұйымдардың басшыларынан тұратын Қырғызстаннан делегация келді.

Қырғызстан делегациясының Қазақстанға сапары барысында «МСАК көпсалалы бригадаларын дамытудағы халықаралық үрдістер және Қазақстандағы МСАК реформасының тәжірибесі» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті.

Іс-шара барысында МСАК шеңберінде медициналық қызметтер көрсету жүйелері, МСАК дамытудың басым бағыттары, медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсетудің халықаралық тәжірибесі егжей-тегжейлі талқыланды.

Сондай-ақ, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының МСАК-ты қаржыландырудағы тәжірибесін, көптеген бейінді бригадалар мен отбасылық дәрігерлердің функционалдығын талқылау жоспарлануда.

В. Дудник 1978 жылы қабылданған Алматы декларациясының бүкіл әлемде, оның ішінде Қазақстанда медициналық-санитарлық алғашқы көмекті ілгерілету мен дамытуды бастағанын және денсаулыққа тұтас көзқарасты айқындайтын, денсаулықтың экономикалық және жеке дамуға қосқан үлесіне баса назар аударатын алғашқы құжат болғанын ерекше атап өтті.
2018 жылы қабылданған Астана декларациясы Алматы декларациясының бас постулатын растайды: денсаулық — бұл мүмкіндігі бар адамдар үшін артықшылық емес, құқық. Негізінде, алғашқы медициналық көмек — бұл белгілі бір ауруларды немесе жағдайларды емдеу ғана емес, адамдарға қамқорлық жасау. Сондықтан бұл бүгінгі денсаулық мәселелерін тұрақты түрде шешудің ең тиімді жолы.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34
Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.