Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жұмыс сапарымен Қарағанды қаласына барып, оқу орындарын аралады. Министр алдымен Бөкетов университетінің Студенттер үйін, «Аюлы» спорт кешенін, Студенттер емханасын және «Жастар орталығын» аралап, университет тынысымен танысты.
Университет қабырғасында Қарағанды қаласының жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылар құрамы және студенттерімен кездесу өткізіп, Студенттер сарайында «Цифрлық трансформация жағдайындағы дағдылар мен құзыреттер» тақырыбында дәріс оқыды. Сонымен қатар, Youtube желісінде тікелей трансляция жүргізілді.
Бұл шара әрі қарай жалғасын тауып, министрлік өкілдері еліміздің әрбір өңірлік оқу орындарына барып, жағдайымен танысып, мәселелер ашық түрде ұжыммен талқыланатын болады.
Кездесудің соңында министр кездесуге қатысушылар мен Youtube желісіндегі тікелей трансляция көрермендерінен келген сауал-ұсыныстарға жауап берді.