Бұл туралы Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
Ол атағандай, қабылданған шаралардың нәтижесінде қарудың 1625 бірлігі табылып алынды.
Бұл 10 граната атқыш, 6 оқ атқыш, 160 автомат, кесілген қарудың 113 бірлігі, 361 тапанша мен 253 граната, 41,1 мыңнан астам оқ-дәрі. Мысалы, мамырда Талдықорған қаласында «Қайнар АКБ» ЖШС-дан қорғасын құймаларын ұрлауда күдіктінің біреуі тұратын үйді тінту барысында оқ-дәрісі бар «Макаров» тапаншасы табылып алынды, — деді ол.
Сонымен бірге азаматтармен түсіндіру жұмысының нәтижесінде қарудың 212 бірлігі ерікті түрде берілген.
Дереккөз-baq.kz : https://baq.kz/qylmyskerlerdin-qolynda-ali-2-mynnan-astam-qaru-bar-iim-281267/






