• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 02:47
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Волонтерлікті дамытудың жол картасы қабылданды

Тәрбие ісінде балалар мен жасөспірімдер қозғалысының, волонтерлік ұйымдардың маңызы зор. Бұл бағытта Оқу-ағарту министрлігі арнайы жол картасын қабылдады.

turan_admin turan_admin
19.03.2024, 15:10
Қазақстан жаңалықтары
Волонтерлікті дамытудың жол картасы қабылданды
49
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Оның аясында «Менің бауырым» жобасы іске қосылып, 3 мыңнан астам волонтер балалық шақтың бақытты өтуіне бағытталған іс-шараларды ұйымдастыруға кірісіп кетті. Жас еріктілердің бастамасымен мектептерде «Досболlike» — достық қолыңды соз» акциясы өткізілді. Бұл туралы ҚР оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан ОКҚ алаңында хабарлады.

Оның айтуынша, жалпы ел бойынша «Жас сарбаз», «Жас волонтер», «Жас эколог», Жас дебатер» және тағы басқа балалар мен жасөспірімдер қозғалысына 2,5 млн бала тартылған. Білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмыстарын жетілдіру мақсатында тағы бірқатар маңызды шара қолға алынды.

«Балалар әндерінің дамуына тың серпін беретін «Әншуақ» балар әндерінің фестивалі жобасы іске асырылуда. Республиканың әр түкпірінен ән құмар өрендер өз әндері мен орындауын әлеуметтік желілерге орналастырып, тыңдаушыларының дауысын жинауда. Үздік әндер республикалық деңгейдегі фестивальге ұсынылатын болады. Қазірдің өзінде 10 мыңға жуық жас өнерпаздаз #әншуақ хэштегімен өз өнерлерін әлеуметтік желіге орналастырды», – деді ведомство өкілі.

Сондай-ақ балаларды жан-жақты рухани дамыту үшін білім беру ұйымдарындағы жауапты өкілдер оларды театрлар мен мұражайларға, түрлі тарихи орындарға үнемі апарады. Былтыр мұндай орындарға 930 мыңнан аса оқушы барды.

«Тарихын терең таныған ұрпақ қана рухы мықты азамат ретінде қалыптасатыны баршамызға аян. Сондықтан биыл бұл жұмыстарды одан әрі жалғастырамыз. Қазіргі уақыт талаптарын ескере отырып балалардың сыни тұрғыда ойлауын, ақпаратты талдау және игеру, уақытты дұрыс пайдалану және қаржылық сауаттылығын дамыту маңызды болып отыр. Осы мақсатта білім беру стандартына, үлгілік оқу жоспары мен оқу бағдарламаларына өзгертулер енгізу іске асырылуда», – деді Еділ Оспан.

Осы орайда «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері», «Құқықтық мәдениет», «Медиасауаттылық», «Қаржылық сауаттылық» бағыттарын қамтитын 5-9 сынып оқушыларына арналған «Жаһандық құзыреттілік» оқу құралы басылып шығарылды.

Мектептерде оқушылардың белсенді қатысуымен «Жеткіншектің жеті жарғысы», «Еңбегі ерен жас өрен» жобалары қарқынды іске асырылуда. Тәрбие бағытындағы осындай жобаларға жетекшілік ететін курстардан 11 мың педагог өтті.

«Балаларға қауіпсіздік, сақтық дағдыларын үйретуді төтенше жағдайлар органдарымен бірге қолға алдық. Жақында Алматы қаласында жер сілкінгенде балабақшалар мен мектептерде балалар сақтық шараларының озық үлгісін көрсеткеніне көпшілік куә болды. Бұл бағыттағы жұмыс құзіретті органдармен бірге одан әрі жалғасатын болады», – деп түйіндеді спикер.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34
Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.