• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 03:10
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

«Әулиеата үміті — 2020»: Жамбыл облысында үздік жастар марапатталды

turan_admin turan_admin
26.12.2020, 16:27
Облыс жаңалықтары
«Әулиеата үміті — 2020»: Жамбыл облысында үздік жастар марапатталды
364
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter
Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына жастар да үлкен үлес қосуда. Әр түрлі салада жетістіктерге жетіп жүрген белсенді жастар «Әулиеата үміті – 2020» сыйлығымен марапатталды.
Бейсенбі, 24 желтоқсан күні «Баласағұн» орталық концерт залында өткен кездесуде аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев үздік жастарды құттықтады.
Номинанттарды құттықтай отырып, облыс әкімі Жастар жылы мен Еріктілер жылы жетістіктер мен жаңа мүмкіндіктердің жарқын бастамасы болғанын атап өтті.
Өңір басшысының айтуынша, 2021-2025 жылдарға арналған мемлекеттік жастар саясатын дамыту саласындағы жұмысты жандандыру мақсатында «Әулиеата жастары» өңірлік бағдарламасы бекітілген. Бағдарлама NEET жастардың санын, жұмыссыздық деңгейін төмендету, жас отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша нақты шаралар көзделген.
— Облысымызда осындай жан-жақты және мақсаты биік жастардың болғаны қуантады. Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаудың арқасында біз сіздерге барлық жағдайларды жасауға тырысудамыз. Бүгінде өңірде жастар саны 230 мың адамға жетті десек, бұл жалпы халықтың 21 пайызын құрайды. Мен жастардың 70 пайызы ауылдық жерлерде тұратындығын атап өткім келеді. Сондықтан біздің барлық күш-жігеріміз ауыл жастарының білім сапасын арттыруға, олардың әлеуетін ашуға бағытталған. Осы орайда көптеген мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылуда, оның бірі – «Болашақ». Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен сонау қиын уақытта бастау алған бағдарлама көп ұзамай-ақ өз нәтижесін бере бастады. Бірнеше жамбылдық студенттер әлемдегі ең беделді шетелдік университеттерде білім алу мүмкіндігіне ие болса, бүгінде олар ел игілігі жолында тер төгуде,-деді Б.Сапарбаев.
Коронавирустық пандемия халықтың денсаулығына мұқият назар аудару қажеттілігін айқындап берді. Бұл тұрғыда аймақ басшысы халықты дене шынықтыруға және спортқа тарту бойынша жұмысты күшейту керектігін  атап өтті. Биыл 13 спорттық нысанның, 90-ға жуық ашық спорт алаңдарының құрылысы қолға алынған. Әр адам спортпен өз денсаулығы үшін айналысуы тиіс.
— Бүгінде біз болашаққа жоспар құрғанда жастар көшбасшыларының,  олардың күш-жігерін, өңірді түлетуге деген қызығушылы, талаптарын ескермеу мүмкін емес. Мемлекеттің  болашағы бүгінгі жастардың қалай қалыптасуына байланысты, — деп санайды аймақ басшысы.
Іс-шара барысында жамбылдық жастар өздерін толғандырған мәселелер бойынша өз ұсыныстарын білдірді.
«Жайдарлы жастар» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ханмырза Бакирамов барлық белсенді жастарды біріктіріп, Жамбыл облысының «Әулиеата жастары» атты КВН командасын құруды ұсынды.
— КВН-де ойнайтын өнерлі жастар кинолар мен басқа да тележобаларға түсуде. Олар барлық қоғамдық-әлеуметтік тақырыптарды қамтиды. Бұл салада жетістікке жету үшін бізге қолдау қажет. КВН командасының құрылуы біздің облыстың беделін арттырады, — деп сендірді  ол.
Облыс әкімі бұл бағыттағы жұмыстар қазірдің өзінде жүріп жатқанын айтып, идеяны қолдады. Жақын уақытта барлық белсенді жастарды біріктіретін жаңа Жастар орталығының құрылысы басталады. Мұнда 100 адамға арналған конференц-зал, коворкинг залы, электронды кітапхана, IT орталығы, ағылшын тілін оқыту, көшбасшылықты дамыту және SMM орталықтары, дыбыс жазу, фото және видео студиялары және тағы басқалары болады.
Кездесу соңында облыстық «Әулиеата үміті» жастар сыйлығының лауреаттарын марапаттау салтанатты өтті.
Марапатталғандардың қатарында «Үздік жас журналист» номинациясы бойынша жеңіске жеткен «AULIEATA-MEDIA» ЖШС-нің қызметкерлері, Жамбыл облыстық «Знамя труда» газетінің тілшісі Лола Нұрматова, «Үздік жас ақын» номинациясы бойынша марапатталған «ARAI» газетінің бөлім меңгерушісі Нұржан Қадірәлі де бар. Бұдан бөлек, тележурналист, ғалым, мұғалім, дәрігер, актер, мемлекеттік қызметкер салалалары бойынша үздік жастар аталған сыйлықпен марапатталды.
Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.