• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 07:11
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Туризмді дамыту мәселелері бойынша кеңес өтті

turan_admin turan_admin
27.07.2022, 17:29
Қазақстан жаңалықтары
Туризмді дамыту мәселелері бойынша кеңес өтті
129
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

25 шілде күні Премьер-Министрдің орынбасары Е.Тоғжановтың төрағалығымен демалыс аймақтарының, оның ішінде ұлттық парктердің жұмысын жетілдіру бойынша кеңес өтті.

Жиын барысында Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне ұлттық парктерде демалыс аймақтарын дамыту бойынша бірқатар тапсырмалар берілді.

2022 жылдың бірінші жартыжылдығында ұлттық парктерге 600 мыңға жуық турист келген. 23 заңбұзушылық анықталып, айыппұл сомасы 122,5 мың теңгені, келтірілген шығын көлемі 328,3 мың теңгені құрады, аталмыш аумақтардан 56 тонна қоқыс шығарылды.

Іле-Алатау МҰТП және Үлкен Алматы орманшылығы (Алма-Арасан шатқалы) бақылау-өткізу пунктерінің автоматтандырылған төлем жүйесі пилоттық режимде іске қосылды.

«Көлсай көлдері» МҰТП туристер ағынын бақылаудың автоматтандырылған жүйесі әзірленуде. Ол сыртқы бейнебақылау, төлем жүйелері (оның ішінде онлайн төлемдер), өткізу пункті, сондай-ақ «Көлсай көлдері» саябағының ресми сайты арқылы іске асырылмақ. Ондағы мақсат ұлттық паркке келтірілетін рекреациялық жүктемені анықтау.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігімен және «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ-мен бірлесіп, ұлттық парк аумағына келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін туристік маршруттар мен соқпақтарды белгілеу бойынша нұсқаулық әзірленді.

Аумақтағы барлық қауіпті және қауіпсіз жерлерді көрсете отырып, маршруттар мен жолдарды жақсарту жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ, Төтенше жағдайлар департаментінің тиісті аумақтық бөлімшесімен және мүдделі ұйымдармен бірлесе отырып, туристік бағыттар мен соқпақтардағы қауіпті жерлерді есепке алып, таңбалау жұмыстары (толық үйлер, ақпараттық таблолар, белгілер орнату) жүргізілді.

Іле-Алатау МҰТП таулы трассаларының, шалғайдағы жету қиын учаскелеріне келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 10 құтқару пункті, Алматы мемлекеттік табиғи қорығында 5 құтқару үйі орнатылды, сонымен қатар 18 күн батареясы мен 1 ұшқышсыз ұшатын аппарат сатып алынды.

Әрбір құтқару пункті дабыл түймесімен жабдықталған, оның көмегімен туристер құтқарушыларға белгі бере алады, SOS спутниктік сигналын құтқарушылардың пультіне дауыстық хабарламалармен жеткізу үшін 10 радиорелелік діңгек орнатылды. Сонымен қатар, діңгектер Wi-Fi тарату функциясымен жабдықталған.

Демалушылардың ыңғайлылығын қамтамасыз ету мақсатында Іле-Алатау паркі аумағында тұрмыстық қалдықтарды бөліп жинауға арналған 225 контейнер (құрғақ фракцияға – 135 контейнер және ылғалды фракцияға – 90 контейнер) орнатылды. Аталмыш контейнерлерді орнатуға арналған 32 участок жабдықталды, қоқыстарды шығаруға арналған 2 көлік сатып алынды.

13 саябақта барлығын қосқанда 450 контейнер, 197 қоқыс жәшігі бар, биылғы жылдың соңына дейін қосымша 70 контейнер мен 69 жәшік орнату жоспарлануда.

Келушілерге алғашқы медициналық көмек көрсету үшін, Алма-Арасан шатқалында және Іле-Алатау МҰТП аумағында 2 бақылау-құтқару пункті құрылды.

Аталған бекеттерде Алматы қаласының құтқару қызметінің қызметкерлері күн сайын сағат 08-00-ден 24-00-ге дейін кезекшілік етеді.

Еліміздегі ұлттық парктер аумағына:

көрсеткіш, ескерту және тыйым салу белгілері 317 дана көлемінде;

29 дана көлемінде экологиялық тақырыптағы баннерлер;

74 дана көлемінде экологиялық тақырыптар бойынша хабарламалар;

35 дана көлемінде ақпараттық стендтер мен билбордтар;

6 дана көлемінде туристік маршруттардың карталары;
26 санитарлық-гигиеналық қондырғы, 2022 жылы қосымша 18 санитарлық-гигиеналық қондырғы орнату жоспарлануда.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34
Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.