• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 03:09
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Тоқаевтың жолдасы, танымал әулеттің күйеу баласы: Сіз кімсіз Көшербаев?

58 жастағы Ермек Көшербаев – Шығыс Қазақстан облысының жаңа әкімі. Бұған дейін Қазақстанның Ресейдегі елшісі болған, - деп жазады Orda.kz

turan_admin turan_admin
16.06.2023, 14:11
Жаңалықтар, Қазақстан жаңалықтары
Сапарбаевтың орынбасары Шығыс Қазақстанға әкім болды
664
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Ермек Көшербаев 1965 жылы Алматыда туған. Екі жоғары білімі бар: «Шет тілінде білім беретін тарихшы» және «Халықаралық қатынастар мен сыртқы саясат». Алғашқы мамандығы бойынша ҚазҰУ-да білім алған, ал екіншісі бойынша Ресейдің сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясында оқыған. Бұл академияда Президент Қасым-Жомарт білім алғанын айта кеткен жөн. Тек Тоқаев оқуын 1993 жылы тәмамдаса, Көшербаев 1992 жылы аяқтаған.

Ұстаздықтан елшілікке дейін

Көшербаевтың ұстаздық мансабы Алматыдағы №1740 орта-мектепте бар болғаны бес айға созылған. Бұл оның мансабындағы ең қарапайым қызметі десе де болады. Себебі 1988 жылдан бастап Көшербаев өте абыройлы қызметтерді атқарған. 23 жасында ол құпия іс жүргізу бойынша аға инспектор болып жұмыс істеді. Қазақ ССР-і кезеңінде ол сыртқы істер министрінің көмекшісі болды.

1997 жылы ол негізінінен СІМ-де мемлекеттік хаттама басқармасында бөлім меңгерушісі, Президенттің халықаралық бөлім аппаратында кеңесші, көпжақты ынтымақтастық департаментінің азиялық қауіпсіздік бөлімінің басшысы сынды лауазымдарды атқарды. 1997-1999 жылдары Көшербаев Премьер-Министр Нұрлан Балғымбаевтың көмекшісі болды.

2000 жылдардың басында Ермек Көшербаев мұнай саласына бет бұрды. «ҚазТрансОйл» Ұлттық мұнай тасымалдау компаниясы» ЖАҚ президенті аппаратының жетекшісі, кейін «ҚазМұнайГаз» АҚ президент аппаратының жетекшісі болды.

2010-2014 жылдары Көшербаев Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарды. Ол кезде бұл өңірдің басшысы жуырда ғана қайтыс болған мемлекет қайраткері Бердібек Сапарбаев болатын.

Көшербаев Сыртқы істер министрлігінен бөлек Ауыл шаруашылығы министрлігінде де өзін жан-жақты көрсете білді. 2014-2018 жылдары Ауыл шаруашылығы министрлігінің вице-министрі, кейін жауапты хатшысы болды. 2018 жылы Көшербаев Сыртқы істер министрлігіне оралып, 2020 жылға дейін министрдің орынбасары қызметін атқарды.

2020 жылдың 20 қаңтарында Қазақстан Республикасының Ресейдегі Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды. Оған дейін бұл қызметті Иманғали Тасмағамбетов атқарған болатын. Ол зейнеткерлік жасқа толуына байланысты қызметінен босатылды.

Назарбаевпен қарым-қатынасы

Ермек Көшербев атақты Шайжүнісовтер әулетінің күйеу баласы, ол Динара Шайжүнісовамен отауласқан. Динара Шайжүнісова Семей қаласының экс-әкімі Маркен Чайжуносовтың қызы, ол да Президент Әкімшілігінде жұмыс істеген, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің, кейін Қазақстан Республикасы Парламентінің I және II шақырылымдарының депутаты болған.

Шайжүнісовтер отбасының түбі Шығыс Қазақстаннан. Әулеттің үлкені – Социалистік Еңбек Ері, атақты ұстаз Жақия Шайжүнісов (1914–1983).

Маркен Дариға Назарбаеваның қызын алған Дәллен Шайжүносовтың немере ағасы. 2018 жылы тұңғыш президенттің үлкен немересі Венера Назарбаева Далленмен отау құрды. Оның атасы Тоқан Шайжүнісов «Қазгипроцветмет»-тің президенті, ал ағасы Аллен Шайжүнісов «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы.

Көшербаевтың әйелі туралы белгілі жалғыз ақпарат –  ұзақ уақыт бойы «Қазмұнайгаз өңдеу және маркетинг» АҚ кадрлар бөлімін басқарған. Ермек Беделбайұлы екеуінің 35 жастағы ұлы мен 30 жастағы қызы бар. Дастан Көшербаев 2018 жылы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Бизнесті дамыту департаментінде бөлім басшысы болып жұмыс істеген.

Тегтер: КөшербаевНазарбаев пен ШайжүнісовтерТағайындаутоқаевШҚО
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34
Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.