• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 05:34
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Тоқаевтың атынан ауыл кітапханаларына үздік кітаптар табысталды

Қазақстандағы ауыл кітапханаларына Мемлекет басшысының атынан көркем әдебиеттер табысталды

Turan Redaktor Turan Redaktor
29.08.2024, 20:10
Қазақстан жаңалықтары
Тоқаевтың атынан ауыл кітапханаларына үздік кітаптар табысталды
48
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Қазақстанның 100 ауылының кітапханаларына көркем әдебиеттер сыйға тартылды. Президент тартуы «Ауыл кітапханаларына 100 кітап» акциясы аясында табыс етілді. Еске салайық, Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қазақстанда «кітап оқитын ұлтты» қалыптастыру қажеттігіне баса назар аударған болатын.

«Шын мәнінде, озық ойлы ұлт болудың ең төте жолы – кітап оқу. Сондықтан кітап оқу мәдениетін қоғамда барынша орнықтыруымыз керек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент бастамасы отандық және әлемдік әдебиеттің соңғы үлгідегі туындыларын шалғайдағы ауыл кітапханаларына жеткізіп, өскелең ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға бағытталып отыр.

Кітаптар Мемлекет басшысының атынан еліміздің дамуына елеулі үлес қосқан мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, соғыс ардагерлерінің, белгілі қаламгерлер мен мәдениет майталмандарының, ғалымдардың туып-өскен ауылдарына жолданды. Акция аясында Халық Қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетовтің, қазақтың қаһарман қыздары Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәмбетова, Хиуаз Доспанованың, талантты актер әрі режиссер Шәкен Аймановтың, көрнекті ақын Ілияс Жансүгіровтің, жазушы Герольд Бельгердің туып-өскен ауылдарындағы кітапхана қорлары толықты. Сондай-ақ Шәмші Қалдаяқов, Қасым Аманжолов, Кемел Ақышов, Әбіш Кекілбайұлы, Фариза Оңғарсынова, Әбілхан Қастеев, Біржан сал, Сәкен Сейфуллин, Төлеу Көбдіков, Кенен Әзірбаев секілді белгілі тұлғалардың және басқа да бірқатар ауылдарға кітаптар топтамасы жолданды.

Ауыл кітапханаларына берілген кітаптар арасында әлем және қазақ әдебиетінің үздік шығармалары, балалар әдебиетінің жауһарлары, комикстер, қазіргі заманғы проза мен поэзия, тарихи, танымдық-ағартушылық әдебиеттер бар. Мемлекет басшысының атынан барлығы 100 ауылға 10 мың кітап сыйға берілді. «Ауыл кітапханаларына – 100 кітап» акциясына Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев, ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай, министрлер, түрлі ұйымдардың басшылары мен белсенді азаматтар қолдау көрсетуде. Акция әлі жалғасуда.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Тегтер: Ауылкітапкітапханакөркем әдебиетҚасым-Жомарт ТоқаевҚР ПРЕЗИДЕНТІ
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34
Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.