Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Асқар Маминді қабылдады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа биылғы 1 қыркүйек пен 30 қазан аралығында жүргізілген Ұлттық халық санағының алғашқы нәтижелері туралы баяндалды.
Қазақстан халқының орта жасы 31,94 жас деп көрсетілген. Жалпы, халықтың 33,97 пайызы — 17 жасқа дейінгі балалар, 19,72 пайызы — 14-28 жас аралығындағы жастар. Еліміздегі қазақтардың үлесі — 70,18 пайызға жеткен.
Халықтың 59,05 пайызы, яғни 11 320 410 адам еңбекке жарамды деп танылған.
Дереккөз-https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/tokaevka-ulttyik-halyik-sanagyinyin-algashkyi-natijeler-330692/






