• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 04:26
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Тіл сауаттылығын сақтау – маңызды мәселе

turan_admin turan_admin
13.11.2020, 20:36
Жаңалықтар
Тіл сауаттылығын сақтау – маңызды мәселе
182
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Аудан әкімінің орынбасары Олжас Баққараевтың басшылығымен ономастика мәселесі жөніндегі консультациялық-кеңесші орган отырысы өтті.
Ауылдық округ әкімдері қатысқан комиссия отырысында жұмысшы топ жетекшісінің орынбасары Асқар Байдалиев ҚР «Тіл туралы», «Жарнама туралы» Заңдарының және сыртқы көрнекі ақпараттарды орналастыру талаптарының орындалуы туралы хабарлама жасады. Ол өз сөзінде аталмыш заң талаптарының және тіл сауаттылығының сақталуы бойынша 17 ауылдық округте орналасқан қонақ үйлер мен мейрамханаларға, басқа да тұрмыстық қызмет көрсету орындарына зерделеу жұмыстары жүргізілгендігін айтып, нәтижесінде бірқатар кемшілік орын алғандығын атап көрсетті.
Мәселен, округтердегі кейбір дүкендердің атауы жоқ, сыртқы жарнамалық көрнекіліктерінің өңі кетіп ескіргенін, жаңартуды қажет ететінін, сондай-ақ елді мекендердегі тұрғын үйлердің аншлагтары ескі үлгіде қалып қойғанын, сауда, қызмет көрсету орындарында жарнамалар мен сыртқы көрнекіліктер тек ресми тілде жазылып ҚР «Тіл туралы» Заңының тиісті баптарының талаптарын сақтамау айғақтары кездесіп отырғанын сөз етті.
Бұдан басқа да кемшіліктерді хабарлаған Асқар Маратұлы мекеме маңдайшаларын, аншлаг, көрнекі ақпараттарды, стенділер ілінетін көрнекіліктерді орналастырмас бұрын жобасын алдын ала аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен келісу, көрнекі ақпараттардың латын қарпіне негізделген жаңа әліпби бойынша әзірленген емле ережесіндегі талаптарға сәйкес жасалуын басты назарда ұстау, объектілерге, әкімшілік-аумақтық бірліктерге атау беру және оларды қайта атау барысында қолданылатын заңнамалық нұсқаулықты басшылыққа алу секілді ұсыныстарын ортаға салды.
Бұдан кейін Жамбыл ауылдық округінің әкімі Бақыт Садырбаев, Қаратөбе ауылдық округі әкімінің орынбасары Асхат Саршаев, Аса ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Ержан Қалабаев көше атаулары мен көше бұрылыстарына атау беру бойынша атқарылған жұмыстарды баяндады.
Жиынды қорытындылаған Олжас Елебекұлы Елбасының жергілікті жерлердегі идеологиялық тұрғыдан ескірген және қайталанатын атауларды тарихи жер-су атаулары және ұлттық танымға жақын дәстүрлі атаулармен өзгерту, сондай-ақ кісі аттарына мейлінше шектеу қою туралы тапсырмасын қатаң бақылауға алу; әкімшілік аумақтық бірліктерге атау беру және қайта атау кезінде ҚР Президенті Әкімшілігімен келісілген «Тарихи тұлғалар», «Тарихи жер-су атаулары» және «Дәстүрлі атаулар» тізімдерін басшылыққа алу; көрнекі ақпараттар мәтіндерін орналастыру тәртібінің сақталуын қадағалау; аудандағы барлық елді мекенге кіре беріс жол бойындағы әкімшілік-аумақтық бірліктердің атауы жазылған көрсеткіш тақталардың жаңартылуын қамтамасыз ету; елді мекендерде көше аншлагтарын орналастыруға жергілікті бюджеттен қаржы қарастырып, әр округ әкімі жыл соңына дейін толық жаңартылуын үнемі бақылауда ұстау бойынша тапсырмалар берді.

 

Мақсат Жұмабаев,
«Шұғыла».

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Тоқаев ШЫҰ туралы: Ең бастысы – «Шанхай рухын» сақтап қалдық

Тоқаев ШЫҰ туралы: Ең бастысы – «Шанхай рухын» сақтап қалдық

02.09.2026, 13:00
Тек ресми мәліметтерге сеніңіз: JAQ.OrtCom фейктердің таралуы туралы ескертеді.

Тек ресми мәліметтерге сеніңіз: JAQ.OrtCom фейктердің таралуы туралы ескертеді.

19.08.2026, 15:16
«Сізге банктен қоңырау шалып жатыр»: телефон алаяқтарын қалай тануға болады

«Сізге банктен қоңырау шалып жатыр»: телефон алаяқтарын қалай тануға болады

18.08.2026, 11:41
Қазақстан прокурорлары әлемдік ЖИ сарапшысы Кай-Фу Лиге өздері жасаған сандық жобаларды ұсынды

Қазақстан прокурорлары әлемдік ЖИ сарапшысы Кай-Фу Лиге өздері жасаған сандық жобаларды ұсынды

05.08.2026, 16:32

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.