Тіл байлығы- әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол – атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануына қарсы тұруы тиіс. Ана тілі – ең басты байлығымыз.
Қазақ тілі – мемлекеттік тіл. Бұл тіл – шұрайлы тіл. Әрбір құрметті азаматқа оны білу керек. «Ана тілі – халықтың боп жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәнгі құламайтын бәйтерегі» деп Жүсіпбек Аймуытов айтқандай елін , жерін сүйген әрбір азаматтың көкірегінде ана тіліне деген сүйіспеншілік, мақтаныш сезімі болуы керек. Себебі қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Тіл – ұлттың жаны. Ал ұлттың болашағы – оның ана тілі. Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі – оның бақыты мен тірегі.
Мемлекеттік тіл — мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын тіл болғандықтан, барлық жүргізілетін барлық іс – қағаздары мен құжаттар мемлекеттік тілде болуы тиіс. Өйткені өркениетке құлаш ұратын елдің өрісі қашанда білікті де саналы ұрпақпен кеңеймек. Әлемдегі мүйізі қарағандай елдердің санатына енуді көздеген халықтың басты мақсаты – сауатты ұрпақ тәрбиелеу . Сауатты ұрпақ тәрбиелеу дегеніміз – өз ана тілінде еркін сөйлей алатын, оны терең меңгерген ұрпақ. Ал ана тілін жақсы білмейінше сауатты сөйлеп, сауатты жазып, тіл байлығын мол қолданбайынша, шын мәніндегі мәдениетті адам бола алмайсың. Тіл тағдыры – ел тағдыры екенін еш уақытта ұмытпайық. Әрбір адам өз ана тілін білу және мемлекеттік тілін меңгеруге міндетті.
Тараз қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар
жөніндегі мамандандырылған сотының
судьясы К.Усембаева