• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
12.09.2026, 21:36
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

«Таза Қазақстан»: Таразда тарихи кешенге тазалық жұмыстары жүргізілді

Ғалия Абылай Ғалия Абылай
01.04.2026, 21:45
Облыс жаңалықтары
«Таза Қазақстан»: Таразда тарихи кешенге тазалық жұмыстары жүргізілді
138
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

️ Жамбыл облыстық тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Қарасай және Қамыстыбұлақ шатқалындағы тарихи-мәдени мұра нысаны – қола дәуір мен ерте темір дәуіріне жататын петроглифтер орналасқан аумақта тазалық жұмыстарын ұйымдастырды.

Қарасай петроглифтері тарихи-мәдени мұра аумағында өткен тазалық жұмыстарына Тараз жастар ресурстық орталығынан 20-ға жуық белсенді волонтер жастары қатысты. Олар туған өлке тарихына деген құрмет пен елдік сананың жарқын үлгісін көрсетті.

 Іс-шара барысында тарихи кешендер аумағында тазалық жұмыстары жүргізіліп, бұлақтың көзі ашылды. Дирекция директоры Сауран Қалиұлы жастарға тарихи-мәдени нысандарды көздің қарашығындай сақтау керектігін айтып, тазалық пен тәртіп – ұрпаққа деген жауапкершілікпен өлшенетін құндылық екенін ерекше атап өтті.

Бұл бастама жас буынға ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, тарихи жәдігерлерге құрметпен қарауға үйретуге, сондай-ақ осындай қоғамға пайдалы игі істерге белсенді қатысуға жол ашады. Өткенге тағзым – қазіргі мен болашақты байланыстыратын алтын көпір.

Қарасай петроглифтері – Ақбұлым ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 5,7 шақырым жерде орналасқан, қола және ерте темір дәуіріне тән археологиялық ескерткіш. Бұл тарихи мұраны 2010 жылы «Археологическая экспертиза» ЖШС (С.Ақылбек, Ш.Құдабаев) ғылыми тұрғыда зерттеп, есепке алған.

Ал Қамыстыбұлақ шатқалы Қырғыз Алатауының теріскей бетінде орналасқан табиғи-тарихи кешен. Шатқал бес тау қыратынан тұрады. Ертеректе шатқал ішіндегі бұлақ суларынан құралған өзеннің төменгі ағысы шағын көлге айналып, оның маңында қамыс өсіп, осыған байланысты «Қамыстыбұлақ» атауы қалыптасқан. Бүгінде бұлақ көздері тартылып, шағын көлшік қана сақталған.

Жартастарда тауешкі, бұғы, елік, түйе, бұқа және адам бейнелері қашалып салынған. Әсіресе, бұқа мен түйе бейнелері ірі көлемде (60х40 см), нүктелеу техникасымен орындалғаны ерекше назар аудартады.

Мұндай құнды мұраларды сақтау – тек археологтардың емес, әрбір саналы азаматтың борышы. Бұл шара – жастарды патриоттық рухта тәрбиелеудің, тарихи мұраны қорғаудың және табиғатты аялаудың көрінісі болды.

Тегтер: волонтерлерҚамыстыбұлақҚарасай петроглифтеріТаза Қазақстантарихи кешен
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

№17 Жамбыл колледжінің басшысы ауысты

№17 Жамбыл колледжінің басшысы ауысты

09.09.2026, 21:36
«Білім-инновация» лицейлеріне жаңа директорлар тағайындалды

«Білім-инновация» лицейлеріне жаңа директорлар тағайындалды

09.09.2026, 20:32
Жамбыл облысында грант иегерлеріне менторлық қолдау көрсетілуде

Жамбыл облысында грант иегерлеріне менторлық қолдау көрсетілуде

08.09.2026, 12:05
Тұрар Рысқұлов ауданында жаңа үйлер беріліп, 2 млрд теңгеге тарихи Түрксіб вокзалы жаңғыртылды

Тұрар Рысқұлов ауданында жаңа үйлер беріліп, 2 млрд теңгеге тарихи Түрксіб вокзалы жаңғыртылды

08.09.2026, 09:31

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Президент VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына үлес қосқан бір топ азаматқа мемлекеттік наградалар табыстады

11.09.2026, 18:00

eGov «қызметкері» Тараз тұрғынының атына 7 несие рәсімделгенін айтып, 2 млн теңгесінен айырды

11.09.2026, 13:00

Екі кереуетке 210 млн теңге: Жаңаөзенде аурухана қаржысын жымқырған күдіктілер қамауға алынды

11.09.2026, 09:00

Енді Kaspi.kz қосымшасында айыппұлдың видеосын көруге болады

10.09.2026, 19:23

Тараздағы жұмбақ өлім: Ер адамды аяусыз ұрып-соғып, өз көлігімен ауруханаға әкелген

10.09.2026, 18:56

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

    Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.