• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 12:43
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Тараздықтар жыл басын сән-салтанатымен қарсы алды

Әз Наурыз – әлімсақтан жаңару мен жаңғырудың, береке мен бірліктің бастауы.

Turan Redaktor Turan Redaktor
22.03.2024, 18:59
Облыс жаңалықтары
Тараздықтар жыл басын сән-салтанатымен қарсы алды
50
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Әз Наурыз – әлімсақтан жаңару мен жаңғырудың, береке мен бірліктің бастауы. Жылдың бұл мезгілі – күн мен түн теңеліп, жер жүзі қайта түлейтін шақ. Сондықтан ата-бабамыз ежелден шуақты көктем мерекесіне айрықша мән беріп, оны Ұлыстың ұлы күні деп ұлықтаған.

Наурыз бүгінде нағыз халықтық мерекеге айналды. Бұл күндері мейірімділік, жанашырлық, жасампаздық сияқты қасиеттер ерекше дәріптеледі.

Биылғы мейрамның мазмұны бөлек, мәні жоғары. Мереке қарсаңында «Наурызнама» онкүндігі жарияланып, Ұлыстың ұлы күні жаңаша сипатқа ие болғаны белгілі. Соның аясында Тараз төрінде көптеген көптеген тағылымға толы іс-шаралар ұйымдастырылды. Айшыққа толы шаралардың легі Орталық алаңда өткен «Ар ма, әз Наурыз» атты көңілді думанмен жалғасты.

Әуелі көпшілік сонау Сақ дәуірінен бастап, тәуелсіздік таңындағы кезең бейнелегенген керуендер шеруін қарсы алды. Бұдан соң Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев сөз сөйлеп, тұрғындарды мерекемен құттықтады.

«Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерексімен шын жүректен құттықтаймын! Наурыз мерекесі – күн мен түннің теңелер шағы. Халқымыз үшін айтулы мереке, айрықша күн! Бұл күні – бүкіл тіршілік жаңарып, табиғат түрленіп, жаңаша кейіпке енеді. Сондықтан да бабаларымыз бұл күнді ерекше қадір тұтып, «әз Наурыз» деп атаған. Тамыры тереңде жатқан әз-Наурыз дана халқымыз үшін қай кезде де еңсесі биік елдіктің, іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі. Наурыздың тағы бір белгісі – ұқыптылық пен тазалық. Қазақ – тазалыққа етене жақын халық. Осы ұлыстың ұлы күні бұлақтың көзін ашып, ағаш отырғызып, қоршаған ортаны тазалау – ертеден келе жатқан дәстүріміз. Осылайша бұл түрлі сипатта атап өту арқылы біз ата-баба салтын берік ұстанып келеміз. Жаңару мен жасампаздықтың бастауы болған әз-Наурызбен тағы да құттықтай отырып, еңбектеріңізге табыс, шаңырақтарыңызға шаттық алып келсін! — деді аймақ басшысы өз сөзінде.

Келесі кезекте «Топжарған» этномәдени орталығының өнерпаздары ұлттық ойындардан көрініс көрсетсе, «Алатау серілері» тобы, Ернар Айдар, Наркенже Серікбаева сынды танымал эстрада жұлдыздары мен К.Әзірбаев атындағы облыстық филармонияның әртістері әсем әндерден шашу шашты.

Жалпы осы күні Орталық алаңға 15 киіз үй тігіліп, қазақ халқының өткен дәуірінен бүгінгі күнге дейінгі даму тарихы бейнеленіп, қолөнер, тұрмыстық, ұлттық салт-дәстүрлерінен көріністер көпшілік назарына ұсынылды. Әр киіз үйге Абай ауылы, Кенен ауылы, Жамбыл ауылы секілді түрлі атаулар берілген. Бұдан бөлек фото, тағамдар, сахна аймақтары ұйымдастырылып, тұрғындардың көтеріңкі көңіл күймен тарқасуына барлық жағдай жасалды.

Бұлардан өзге қаланың барлық аумақтық округтерінде Ұлыстың ұлы күні кең көлемде тойланып жатыр.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.