Ағымдағы жылдың 22 ақпанында жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірінің өкілі полицияға
хабарласып, сол түні, сағат 05:00 шамасында, белгісіз тұлғалар жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан сауда үйінің есігін бұзып кіріп, құрал-саймандарды ұрлап кеткенін айтып шағымданған. Материалдық шығын көлемі сегіз жүз мың теңгеден асады.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Тараз қаласы Полиция басқармасының 1- полиция бөлімі криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері 24 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады. Ол өз кінәсін толық мойындады.Құрал- саймандар иесіне қайтарылды.
Күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі Ұрлық бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.