• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 03:20
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Тараздағы жарылыста оқиға орнынан хабар таратқан Orda.kz журналисі полицияға шақырылды

turan_admin turan_admin
17.09.2021, 12:35
Қазақстан жаңалықтары
Тараздағы жарылыста оқиға орнынан хабар таратқан Orda.kz журналисі полицияға шақырылды
213
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жамбыл облысында болған жарылыстан кейін «жалған ақпарат таратты» деген айыппен екі журналист полицияға шақырылды.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Orda.kz-тің Тараздағы меншікті тілшісі және Turaninfo.kz-тің штаттан тыс тілшісі Исламбек Дастан куәгер ретінде, 7-арнаның тілшісі Данияр Әлімқұлды – қорғаушы құқығымен куә ретінде полицияға шақыртты.

Арызды күзет қызметкерлеріне облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасы жазған.

– Мен өз кінәмді мойындамаймын, себебі мен кінәлі емеспін. Менің куәгер ретінде тартылуым дұрыс емес деп ойлаймын. Айтқан әрбір сөзім үшін заң алдында толық жауап беруге дайынмын. Тергеуге толықтай көмектесемін, телефонымды өз еркіммен бердім, ондағы барлық бейнелерді көрсетіп, тіпті дискіге жазып бердім. Менің ойымша, бәрін ашық және әділ жүргізу керек, – деп түсіндірді Исламбек Дастан.

 

Оның айтуынша, іс ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы 2,3-тармақшасы бойынша қозғалған. Бұл баптың санкциясы 1000 АЕК көлемінде айыппұлдан үш жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады.

Өз кезегінде журналист Жасұлан Әбдіхалық өзінің Facebook-те полицияға шақыртудың ықтимал себебі «Тараздағы депутат ауласындағы мейрамхананың жанындағы снарядтары бар қойма» туралы ақпарат екенін жазды.

– Біреудің қорасында айнала мен бала-шағаға қауіп төндіріп жатқан пәленбай тонна металломды эфирге шығардың, сол арқылы қоғамдық тәртіпті бұзып жалған ақпар тараттың, жұртты дүрліктірдің деп айыптаса, қолындағы соткасын тәркілеп алса, біздің құзырлы органдар біткен екен. Шырақтарым ау, қайта дер кезінде дабыл қағып елді сақтандырып, құзырлы органдарды құлақтандырып, ақпарат таратқаны үшін сотка сыйлайтын жөндерің ғой, – деп жазды Әбдіхалық.

Екі журналист те тергеу мәліметтерін жарияламау туралы қолхат жазғандарын айтты.

Orda.kz ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаевадан тараздық журналистерді қорғай ма, жоқ па деп сұрады.

– Шақырудың дұрыстығы туралы тек іспен танысқаннан кейін айтуға болады, олар қандай жағдайда шақырылды: куә ме, айыпталушы ма? Егер айыпталушы ретінде болса, анықтайық, ақпарат сұрайық. Заң бар. Ешкімнің кінәсіз адамды айыптауға құқығы жоқ. Егер журналистердің құқықтары бұзылғандығы анықталса, мен олардың жеке басын қорғауға дайынмын. Барлығы істің мән-жайына байланысты, – деді Балаева.

Министр «медиафорумнан шыққан соң» Тараздан ақпаратты сұратуға уәде берді.

Журналист Ерқанат Көпжасар өзінің Instagram әлеуметтік желісінде журналистерді қолдап, жазба жариялады. Онда ол 15 қыркүйек 15:00-де облыстық прокуратура ғимаратының алдында жиналуға шақырған.

Белгілі болғандай, ғимарат алдына бірнеше жергілікті тілші келген. Оларға «видео сараптама жіберілді, соның нәтижесі бойынша шешім шығарамыз» деп хабарлаған.

Еске салсақ, 26 тамызда Жамбыл облысы, Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімдегі қоймалардың бірінің жанында өрт шықты. Өрт салдарынан белгісіз заттардың жарылуы болды. Жарылыстан кейін 93 адам ауруханаға жатқызылды. 16 қыркүйекке дейін 17 өліп, бір хабарсыз кеткені белгілі болды. Жүзге жуық адам жарақат алды. Облыс әкімдігінің мәліметінше, 106 тұрғын үй, 12 коммерциялық нысан мен үш мектеп зақымданған. Әкімдік екі айдың ішінде үйлерді қалпына келтіруге уәде берді.

Дереккөз-kaz.orda.kz

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34
Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.