Тараздағы «сақалды құрылыстар» неге тоқтап тұр?

80
ҚАРАЛЫМ

Қалалық әкімдіктің жаңа ғимаратын соғудан бөлек қаланың көрікті жерінен жер телімін беріп, оны жеке меншікке сатып қазір еш шарасыз күйде тұрған «сақалды құрылыстар» туралы сөз қозғаймыз.

Тараз қаласы әкімдігі сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Арман Әбдешовтің мәліметінше, бүгінгі күні ұзақ жылдар бойы тоқтап тұрған 17 нысан бар. Құрылыс монтаж жұмыстарын жүргізіп жатқаны 6 нысан ғана. Жобалық сметалық құжаттамаларын дайындалуда деген 4 нысан бар. Оған қаражатқа және ауа райының қолайсыздығына байланысты тоқтап тұрған 7 нысанды қосыңыз.

«Һибатулла Тарази» орталық мешіті мен «Жеңіс» паркінің ортасында орналасқан көп қабатты бос тұрған ғимарат мәселесі әлі тұралап тұр. Өзіне қол жұмсағысы келетіндердің нағыз орнына айналған. Әупірімдеп жүріп, әкімдік «сақалды құрылысты» қоршап тасты.

Тараз қаласындағы ең үлкен жол болып саналатын Жамбыл даңғылы бойында бірнеше «сақалды құрылыстар» қаңырап тұр. Біріншісі, «Балташ» мейрамханасы, ол күрделі жөндеуден өтіп жатқанда иесі пандемиядан қайтыс болып кетті. Сол жағдаймен әлі күнге дейін тұр. Әкімдік қызметкері биыл аяқталады деп сендірді. Бірақ мейрамхана емес, оқыту орталығын жасаймыз дегенге келтірді.

Жамбыл даңғылында бір біріне жақын, біреуі әкімдіктің тізілімінде бар, екіншісі байқалмады. Тізімнен табылған «қаңқалары» ғана тұрғызылған ғимараттар. Нысанның бастапқы мақсаты – үй жайларға қызмет көрсету болса, 2018 жылдан отбасылық демалыс орталығын саламыз деп жатыр екен. Жердің аумағы 1,4 га. Қазіргі таңда жобалық сметалық құжаттамалары дайындалуда деген тізімде.

«Қаңқалы» ғимарат пен Жамбыл медициналық колледжінің аралығында орналасқан түсініксіз тағы бір ғимарат бар. Орналасқан жері тура «медколледж» аялдамасының артында. Ол «қызыл сызықтың» асып түскен секілді. Дегенмен бұл нысан әкімдіктің «сақалды құрылыс» тізімінде болмай шықты. Екі қабаты көтеріліп, үшінші қабатқа келгенде құрылыс тоқтап қалған. Жамбыл медициналық колледжінде жатақхана болмай тұрған кезде дәл колледж жанындағы тағы бір құрылыс бой көтере алмай тұр. Orda.kz тілшісінің мәліметінші аталған құрылыстың төлқұжаты да жоқ.

Бұл нысанды да «сақалдылар» қатарына кіргізетін ой бар ма, әлде үлкен дөкейлер «крышавать» етіп отыр ма екен деген ой келеді.

Қайткен күнде де мемлекеттен қыруар қаржы бөлгізіп, одан тұрғындардың табысы артпаса мұның қаншалықты қажетілігі бар. Қаланың дәл орталық көшелерінен жер телімін алып алып оны пайдаға асырмай жатқандарды, құрылысты жүргізе алатындарға қайта беруді заң жүзінде қарау керек секілді. Салығы төленбесе, қоғамға ешқандай пайда әкелмесе, ондай нысандардың мәселесін көтеру керек.

Авторы: Исламбек Дастан

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы