2025 жылдың 23–30 қыркүйегі аралығында Тараз қаласында 2013 жылы туған жасөспірімдер арасында Николай Хорламович Муратовты еске алуға арналған республикалық турнир өтті.
Жарысқа 8 команда қатысып, жас футболшыларымыз келесі нәтижелерге қол жеткізді:
Жеке марапаттар:
• «Үздік қорғаушы» — Аралбек Алдияр (Ұлан-2013)
• «Үздік сұрмерген» — Минбаев Аян (Ұлан-2013)
• «Үздік ойыншы» — Әлімжан Әділет (Ұлан-2014)
Жалпы нәтиже:
• Ұлан-2013 (#5 ОМБЖСМ)-1 орын
• Ұлан-2014 (#5 ОМБЖСМ) -2орын
• #40 ОБЖСМ -3 орын
Жаттықтырушылар:
• Олжас Сейсенғали — Ұлан-2013
• Аман Жүсіпов — Ұлан-2014
Жас футболшыларымызды лайықты жетістіктерімен құттықтаймыз!







