• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
18.08.2026, 13:06
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

ТАРАЗДА ӘУЕГЕ КӨК ШАРЛАР ҰШЫРЫЛДЫ

turan_admin turan_admin
02.04.2018, 21:45
Облыс жаңалықтары
ТАРАЗДА ӘУЕГЕ КӨК ШАРЛАР ҰШЫРЫЛДЫ
427
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Бүкіләлемдік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күніне орай 2 сәуір күні Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының облыстық ведомствоаралық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы мен ата-аналардың бірлескен қоғамының ұйымдастыруымен Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің көрме залында «Біздің ерекше балаларымыз» аты балалар шығармашылығының көрмесі өтті.
Аутизм туралы ақпарат тарату, қоғам назарын аутизм мәселесіне аудару мақсатында ұйымдастырылған көрме барысында «ерекше» балалардың салған суреттері, қолөнер бұйымдары көрермен назарына ұсынылды. Іс-шара соңында балалар мен ата-аналар және көрме қонақтары аутизмнің символикасына айналған көк түсті шарларды ұшырды. Неге көк түс десеңіздер, дүние жүзілік мәлімет бойынша, аутизм ұл балаларда жиі кездеседі екен. Сол себепті көк түс аутизмнің белгісі ретінде алынған.
2007 жылдың 18 желтоқсанда «2 сәуір – аутизм мәселесі туралы ақпарат таратылатын күн» болып белгіленді. Осы күні бүкіләлемде аутизм жайында айтылады, олармен қалай қарым-қатынас жасау, мәселені бірлесе қалай шешу, қоғамда толыққанды өз орнын табуда кездесетін қиындықтар туралы ақпараттар таратылады. Жыл сайын осы күні әлемнің әр түкпірінде аутизмге шалдыққан балалардың қатысуымен түрлі акциялар ұйымдастырылады.
2017 жылдан бастап облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация орталығының мамандары аутизм белгісі бар балалармен және олардың ата-аналарымен, түзету кабинеттері мамандарымен, жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерімен бірлесе жұмыс жүргізуде. Ағымдағы жылдың сәуір айында облыстық ПМПК мамандары аталған топтармен дөңгелек үстел өткізуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар, сәуірдің 13-14 күндері «Аружан» логопедиялық орталығымен бірлесе «Сөйлеу тілі қалыптаспаған балалармен жұмыс: сөйлеуден сөйлеуге дейін» тақырыбында оқыту семинарын өткізеді.
Чарльз Дарвин, Ньютон, Блез Паскаль Альберт Эйнштейн, Николай Гоголь, Ганс Христиан Андерсен. Бұл тізбектелген есімдегі атақты ғұламалар, әлемге танылған жандар аутизм ауруымен ауырған. 20 жыл бұрын аутизм ауру еместей көрінгенімен, соңғы он жылда аутизмді әлемде ғасыр дерті санай бастады. Шығу себебі, емдеу жолы әлі белгісіз аутизммен біздің елімізде де мыңдаған ата-ана мен бала күресуге мәжбүр. Аутизм – баланың қоршаған ортамен байланысқа түсе алмайтын жағдайы. Ол туа пайда болатын ауытқу. Оның белгілерін ерте жастан айқындауға да болады. Әлеуметтік дағдыларының, қарым-қатынасқа түсу қабілеттерінің, сонымен қатар мінез-құлық ауытқуларының орын алуы аутизмге тән құбылыстар. Әлемде 70 млн ға жуық адам аутизм дертіне душар болған.
Кейінгі кезде аутизммен ауыратын балалар саны күрт өсуде. Ғалымдардың айтуы бойынша, бұл дертті тудыратын 30-дан астам себептер бар. Әлемдік денсаулық сақтау мекемелерінің мәліметтеріне сүйенсек, жыл сайын орта есеппен алғанда аутизмі бар балалар саны 37 пайызға өсуде.

Айгерім ИЕМБЕРДИЕВА,
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының
Білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесі орталығы
баспасөз бөлімінің жетекшісі.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Таразда балалардың құқықтарын қорғау мәселесі бойынша семинар өтті

Таразда балалардың құқықтарын қорғау мәселесі бойынша семинар өтті

15.08.2026, 17:33
Партиялардың ақпараттық жұмыстары: апталық шолу (7–13 тамыз 2026)

Партиялардың ақпараттық жұмыстары: апталық шолу (7–13 тамыз 2026)

14.08.2026, 20:55
68 млн теңге кімге бұйырды? Жамбылда білім саласының үздіктері марапатталды

68 млн теңге кімге бұйырды? Жамбылда білім саласының үздіктері марапатталды

14.08.2026, 13:49
Мырзабосынов мереке қарсаңында спорттық менеджерлерге құрмет көрсетті

Мырзабосынов мереке қарсаңында спорттық менеджерлерге құрмет көрсетті

13.08.2026, 20:20

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Басты дебатқа қатысатын партиялардың реттік нөмірлері анықталды!

18.08.2026, 11:50

«Сізге банктен қоңырау шалып жатыр»: телефон алаяқтарын қалай тануға болады

18.08.2026, 11:41

Сөз – ұлттың визиттік карточкасы

18.08.2026, 11:33

Президенттің АӨК өнімділігін арттыру жөніндегі тапсырмаларын орындау

18.08.2026, 11:30

Тек ресми мәліметтерге сеніңіз: JAQ.OrtCom фейктердің таралуы туралы ескертеді.

18.08.2026, 11:25

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбылда білім саласында байқау мен конкурстарға жауапты мекеме басшысы тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл прокуратурасында кадрлық ауыс-түйіс орын алды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақстандықтардың басым бөлігі Қ.К.Тоқаевқа сенім білдіреді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қаласында «Taraz-Insight 2026» әлеуметтік жобасы іске асырылады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.