• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
19.11.2026, 01:59
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Таразда «Мамыр» бауында «Білім» және «Журналистер» аллеясы ашылады

turan_admin turan_admin
28.07.2021, 18:52
Облыс жаңалықтары
Таразда «Мамыр» бауында «Білім» және «Журналистер» аллеясы ашылады
340
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Соңғы уақытта Тараз тұрғындары «Мамыр» бауын ретке келтіріп, оны ел игілігіне беру мәселесін жиі көтеріп келеді. Аймақ басшысы жұртшылықтың бұл арыз-шағымына дер кезінде назар аударып, қала ішін жұмыс барысымен кезекті мәрте аралау кезінде осы бауға да барып, онда іске асырылып жатқан жобалармен жай-күйімен танысты.

Мамандардың айтуынша, ғасырдан астам тарихы бар «Мамыр» саябағына соңғы рет жөндеу жұмыстары 2010 жылы жүргізілген екен. Одан бері тоғайға айналып, тозығы жете бастаған бұл орын енді мектеп оқушылары мен студенттердің сүйікті орнына айналмақ. Жақын күндері «Таразға тарту» жобасы аясында көне саябақ көркімен көз суарып, ажары артатын болды.

Қазіргі таңда игі жобаның аясында облыс әкімдігі білім басқармасы мен өңірдегі жоғары оқу орындары бірлесіп, «Білім» аллеясының құрылысын жүргізіп жатқан орынға облыс басшысы арнайы ат басын бұрып, жұмыс барысымен жан-жақты танысып шықты. Жалпы аумағы 20 гектарды алып жатқан саябақ аумағында енді «Білім» мен журналистер аллеясы ашылып, сонымен қатар иппотерапия алаңы салынып, спорт алаңшасы қалпына келтірілетін болды.

– Ағымдағы жылдың маусым айында біз осы саябақта облыс әкімі дарынды балалардың кездесуін өткізген болатынбыз. Сол кезде балалардың, оқушылардың, жалпы түлектер үшін де жүздесулер мен іс-шаралар ұйымдастыруға қолайлы деп осы жерді ұнаттық. Бірақ саябақтың бастапқы кездегі жағдайы көңіл көншітпеді. Дегенмен басқарма және екі жоғары оқу орнымен бірлесе жобаны бастап кеттік. Қазір сапалы брусчаткаларын төсеп аяқтап қалдық. Аллеяның алдын қалыпқа келтірдік. Енді амфитеатрды жаңа үлгіде жасаймыз. Оның отыратын ескі орындықтарын түгел алып тастадық. Оларды да жаңартамыз. Сонымен қатар аллеяның аумағын абаттандырып, қураған ағаштардан, қоқыстан тазартып, жаңадан субұрқақтар орнатамыз. Дизайнерлермен бірлесіп эскизін де өзіміз жасап шықтық. Қазіргі таңда жұмыстың 30 пайыздан астамын аяқтадық. Жұмысты мердігерлер емес, ұсталар демеушілік есебінде «Таразға тарту» жобасы аясында атқарып жатыр. Тараздан шыққан түлектер де атсалысуда. «Білім» аллеясы деген жазуы бар заманауи үлгідегі арка орнатылып, кітаптың тас мүсіні бой көтереді. Алдағы уақытта мәдени, спорттық және өнер сайыстарына қатысты іс-шаралар ұйымдастырылатын орынға айналады, – деді облыс әкімдігі білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Талғат Жамалов.

Мұндағы амфитеатрды бір уақытта 100-150 көрермен тамашалай алады. Ал орындықтары мен безендірілуі оқу құралдары үлгісінде жасалмақ. Жұмыс барысымен танысып шыққан облыс басшысы іске колледждерді де жұмылдырудың қажеттілігін атап өтті.

Ал қала әкімі Ержан Жылқыбаев облыс басшысына жобалардың эскиздік үлгілерін көрсетіп, мұндағы қажетті коммуникацияның қашан және қай тұстан жүргізілетінін айтып берді.

– Кіреберісте арка болады. Қазір ол Төле би көшесіне орнатылған. Мұндағы барлық жұмыс аяқталған соң ол осында қайта қойылады. Аллеяның күтіміне оқу орындарының өкілдерінен бекітілетін кезекшілер жауапты болмақ және мұндағы тазалық пен тәртіпке қарап, аумаққа қажетті қызмет көрсетеді, деді ол.

Бердібек Сапарбаев керемет жобаны жүзеге асырып жатқан бастамашыл топқа ризашылығын білдірді, сонымен қатар мұндай кешенді салумен қатар, оны ұқыптап ұстаудың, сақтаудың да маңыздылығын атап өтті. Ал «Білім» аллеясының қасында алдағы уақытта «Журналистер» аллеясы бой көтермек. Сонымен қатар облыс басшысы «Асар» оңалту-сауықтыру кешені мен оның аумағындағы иппотерапия алаңының құрылысымен де танысып шықты.

Облыс басшысы баудың ішін толық аралап шыққан соң қала әкімі Ержан Жылқыбаевқа және «Жасыл-ел Тараз» ЖШС басшыларына еріктілерді тартып, саябақ аумағында сенбіліктер ұйымдастыруды, жарықтандыруды, саябақтың ішіндегі негізгі жолды асфальттандыру мәселесін зерделеуді және саябақ аумағындағы спорт алаңшасын ертерек қалыпқа келтіруді, қазіргі бар инфрақұрылымды қайта қалпына келтіруді тапсырды.

 

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Аппарат басшысының орынбасарлары тағайындалды

Туризм және инвестиция басқармасына жаңа басшысы тағайындалды

17.11.2026, 11:43
Жамбылдағы жаңа басқарма басшысы неге төрт айдан кейін Алматыға ауысты?

Жамбылдағы жаңа басқарма басшысы неге төрт айдан кейін Алматыға ауысты?

17.11.2026, 10:26
Су, газ және жылу желілерін жаңғырту, 20 мыңнан астам жұмыс орны: «Әділет» кандидаттары Шу ауданының тұрғындарымен кездесті

Су, газ және жылу желілерін жаңғырту, 20 мыңнан астам жұмыс орны: «Әділет» кандидаттары Шу ауданының тұрғындарымен кездесті

13.11.2026, 20:57
Жамбылдық Любовь Юн жасөспірімдер Олимпиадасының қола жүлдегері атанды

Жамбылдық Любовь Юн жасөспірімдер Олимпиадасының қола жүлдегері атанды

13.11.2026, 12:53
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Пернебай Рысымбетов қайта іске қосқан автобекеттен басталған әңгіме

19.11.2026, 01:57

Асқар Қуанышұлының шеберханадан басталатын кәсіби бағдары

19.11.2026, 01:46

Бақыт Серібаев және ауыл еңбегінің өтеуі

19.11.2026, 01:39

Табиғатқа жауапкершілік күнделікті әрекеттен басталады

19.11.2026, 01:02

Пациентке түсінікті әрі сабақтас медициналық көмек

19.11.2026, 00:57

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына үміткерлер анықталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қалалық мәслихатына 88 үміткер тіркелді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына «Әділет» партиясы» тізіміне кімдер енді?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Марат Ирменов ҰҚК төрағасы болып тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.