Таразда К.И. Скрябин музей-үйі ашылды
2017 жылдың 14 қарашасында орыс биологы, академик, гельминтология ғылымының негізін қалаушы К.И. Скрябин музей-үйінің ашылу салтанаты өтті. Ұзақ уақыт бойғы үзілістен кейін ғимарат ағымдағы жылы Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жаңартылып, жөнделді.
Музей-үйінің ашылу салтанатына облыс басшылығы, мәдениет басқармасы басшысы, мәдениет мекемелерінің қызметкерлері, қоғамдық ұйымдардың, «Қазақ ғылыми — зерттеу ветеринария институты» профессорлары, этно-мәдени ұйымдарының өкілдері, БАҚ өкілдері, білімгерлер қатысты.
Шара барысында К.И. Скрябин ескерткішіне ықылас гүлі қойылып, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ерқанат Нұрбапаұлы Манжуов сөз сөйледі. Сонымен қатар, медицина ғылымдарының докторы, гельминтолог, профессор Ордабеков Сағындық Ордабекұлы, Еңбек ардагері, облыстық ардагерлер кеңесінің мүшесі Накорякова Любовь Ивановна өз лебіздерін білдірді.
Сонымен қатар, келген қонақтарға К.И.Скрябин музей-үйінің экспозициясы бойынша экскурсия жүргізілді. Скрябиннің жұмыс бөлмесінде облыстық орыс драма театры артистері: Скрябин – Виктор Иванович Сукопов, Әйелі- Надежда Яковлевна Турманидзе, Шәкірті – Павел Дмитриевич Иванов ойнаған «Әулиеата естеліктері» атты сахналық көрініс қойды.
Іс-шара «Русский центр» этно-мәдени бірлестігнің президенті Горбунова Елена Владимировна алғы сөзімен аяқталды.
Алдағы уақытта К.И.Скрябин музей-үйінде қала тұрғындары мен қонақтарына, білімгерлерге, оқушыларға арналған К.И.Скрябин музей-үйінің апталығы өткізіліп, тұрақты түрде халық үшін қызмет көрсетілетін болады.
TURANINFO.KZ