• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Таразда екпе салатын жылжымалы топ жұмыс істейді

25.07.2021
0
Таразда екпе салатын жылжымалы топ жұмыс істейді
240
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Қазіргі таңда Тараз қаласы аумағында қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды, өңірдің «сары» аймаққа өтуі мен «Үнді дельтасы» штамы айналымының анықталуын ескеріп, нақты шаралар қабылданды.

Бұл туралы Жамбыл облысы орталығындағы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Рита Алтынбасова айтты. Оның сөзінше, қалада 8 шілдеден бастап кешеге дейін коронавирустық инфекция мен пневмонияның 785 дерегі тіркелген. Бұл ахуалдың 15 шілдеден бергі көрсеткіші – 471. Ал маусым айында Тараз қаласында COVID-19 індетінің 645 жағдайы орын алыпты.

Мамандарымыздың талдау шаралары барысында инфекция жұқтырғандардың жас құрамын анықтадық. Айталық, 14 жасқа дейінгі балалардың саны 74, болса, 15-19 жас аралығындағы жасөспірімдер – 33. 20-29 жас аралығындағы 33 бозбала аурухана төсегіне таңылды, 30-39 жас аралығындағы 125 азамат инфекция жұқтырыпты. 40-49 жас аралығындағылар – 835, 50-59 жастағы ағаларымыздың 965-і індет жұқтырса, 60-69 жастағы 1 003 қария коронавирус дертіне шалдыққан. 70 жастан жоғары қариялардан 649 адам ем-дом алды. Байқағанымыздай, науқастанғандарың басым бөлігі 50 жастан асқан, — деп атап өтті жауапты маман.

Ол сондай-ақ инфекция жұқтырғандардың көбісі зейнеткерлер мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар екенін де жеткізді. Әрбір тіркелген коронавирустық инфекцияның жағдайы бойынша індетті жұқтыру көзін анықтау және оның әрі қарай таралуын болдырмау мақсатында санитариялық-эпидемиологиялық тексеру іс-шаралары қатаң түрде жүргізіледі екен. Тексеру барысында көбіне инфекцияның нақты жұқтыру көздері белгісіз болып қалатын көрінеді. Сонымен қатар жұқтыру көзі қоғамдық орындар мен отбасында жақын қарым-қатынас жағдайында орын алғандығы анықталады.

Мысалы, отбасында бір адам ауырса, отбасының басқа мүшелеріне жұқтыру деректері тіркеледі. Бұған үй карантиніне оқшаулануға алынған тұлғалардың тиісті талаптарды дұрыс сақтамауы мен санитарлық тәртіпке қалыптасқан ахуалдың сәйкес келмеуі де себеп болады, — деді Рита Өмірханқызы.

Маманның сөзінен білгеніміздей, Тараз қаласында қауіпті індетке шалдыққан азаматтарды емдеуге арналған инфекциялық ауруханамен бірге, Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасынан 250 төсек-орын, қалалық көпбейінді ауруханасдан 240 төсек-орын, Жамбыл облыстық фтизиопульмонология орталығынан 19 төсек-орын жасақталған екен. Биылдыққа қаладағы денсаулық сақтау мекемелерінде 2 767 науқас жатқызылып, емделген. Ал 2 607 азамат амбулаторлық жағдайда ем қабылдаған.

Жамбыл облыстық ауруханалардағы инфекциялық және реанимациялық төсек-орындар мен дәрі-дәрмек қоры жеткілікті. Тараз қаласында COVID-19 вирусын ПТР зерттеу 6 зертханалық нысанда жүргізіледі. Атап айтатын болсам, Ұлттық сараптама орталығы, Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасы, өңірдегі СПИД орталығы, «Alatau cliniс», «Инвиво», «Олимп» клинико-диагностикалық зертханасы» ЖШС-лары. Ақпан айынан ел аумағында, оның ішінде Тараз қаласында да коронавирустық инфекцияға қарсы екпе егу жұмыстары басталды. Бірінші кезекте жоғарғы қауіп тобына жататын медициналық қызметкерлерге, мұғалімдер мен тікелей халыққа қызмет көрсететін мамандарға вакцина салынды, — деді Алтынбасова.

Оның айтуынша, Тараз қаласында індетке қарсы екпе жұмыстарын жүргізу үшін 14 пункт жабдықталып, дайындалған екен. Сонымен қатар «Ауыл Береке», «Қайкармет» базарлары мен «Скиф Трейд» супермаркетінде жылжымалы егуге арналған автокөліктер жұмыс істейді. Бүгінгі таңда облыс орталығы бойынша коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаның бірінші компонентімен 93 452 тұрғын қамтылған. Бұл халықтың 39 %-ын құрайды. Ал екінші компонентін 55 428 азамат салдырған, бұл тұрғындардың 23,1 %-ына тең.

Тараз қаласы аумағында эпидемиологиялық талаптарды сақтау және шектеу нормаларын бұзудың алдын алу бағытында 4 мобильдік топ жұмыс істейді. Мұндай құқықбұзушылықтар көбіне тойханаларда, компьютер клубтары, плейстейшн ойын орындары, бильярд, түнгі клубтарда, сондай-ақ сауда орындарында орын алуда. Осы нысандарда ұжымдық іс-шаралар өткізіліп, карантиндік уақыт режимін сақтамағаны үшін анықталған заң бұзушылықтар негізінде 454 әкімшілік іс қозғалып, хаттамалар толтырылды. Аталған шаруаның нәтижесінде 87 млн теңгеден астам қаражат көлемінде айыппұл салынды, — деді жауапты маман.

Карантин тәртібін бірнеше мәрте бұзғаны үшін 21 материал әкімшілік соттың қарауына жолданып, тиісті шешім шығыпты. Биылдың өзінде 266 әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, жалпы көлемі 45 млн теңгеден астам айыппұл ілінген. Рейдтік іс-шараларды өткізу кезінде кәсіпкерлік нысандарында «Ashyq» жүйесінің болуына және келушілердің осы жүйеден өтуіне назар салынған. Кәсіпкерлер қосымшамен жұмыс істеу үшін QR-код алуға 413 өтініш білдірген. Олардың қатарында кинотеатрлардың, қоғамдық тамақтану орындарының, фитнес клубтардың, бильярдтардың, компютьерлік клубтар мен СПА орталықтардың, сулулық салондарының иелері бар.

Бүгінде «қызыл» түс белгіленген, ПТР-тесті оң нәтиже көрсеткен 30 адамның тамақтану орындарына барғаны тіркелді. «Сары» түске ие, яғни науқас адаммен байланыста болған 63 азамат анықталды. Демек, олар үй карантиніне алынып, өзін-өзі оқшаулау режимін бұзған. Мамандарымыз оларды дәмханаларға кіргізген жоқ. Жергелікті емханаларға хабарлама жіберілді. Карантиндік режімді бұзғаны үшін 2 әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылып, оның ішінде кәмелетке толмаған жасөспірімге 5 АЕК көлемінде, жалпы 59 340 теңге шамасында айыппұл салынды, — деп атап өтті Рита Алтынбасова.

Тегтер: #Тараз # екпе # коронавирус # жылжымалы топ
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Бірлік пен бейбітшілік – ел дамуының негізі

Бірлік пен бейбітшілік – ел дамуының негізі

4
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
Бәйге! Бәйге! Бәйге! «Мәңгілік ел алыптары» атты эссе жазу интернет-байқауына қатысуға шақырамыз!

Бәйге! Бәйге! Бәйге! «Мәңгілік ел алыптары» атты эссе жазу интернет-байқауына қатысуға шақырамыз!

3
Сериал өндірісі кемшіліктер арқылы дамиды – Ләззат Таныс­бай

Сериал өндірісі кемшіліктер арқылы дамиды – Ләззат Таныс­бай

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
Салық қарызын өндіріп алу: 2026 жылы азаматтарды қандай жаңа өзгерістер күтіп тұр

Салық қарызын өндіріп алу: 2026 жылы азаматтарды қандай жаңа өзгерістер күтіп тұр

11.12.2025
Иран Президенті Жүрек орталығына барды

Иран Президенті Жүрек орталығына барды

11.12.2025
Қазақстан аумағына тауық жұмыртқаларын әкелуге уақытша тыйым салынды

Қазақстан аумағына тауық жұмыртқаларын әкелуге уақытша тыйым салынды

11.12.2025
Мемлекет басшысы Қазақстан-Иран бизнес форумына қатысты

Мемлекет басшысы Қазақстан-Иран бизнес форумына қатысты

11.12.2025
Жас әкім бір жылда қанша рет халықпен кездесті?

Жас әкім бір жылда қанша рет халықпен кездесті?

11.12.2025
«Текті сөздің төресі» тағылымды кеш өтті

«Текті сөздің төресі» тағылымды кеш өтті

11.12.2025
Президенттер қазақ тарихына қатысты ирандық көне құжаттар көрмесін аралады

Президенттер қазақ тарихына қатысты ирандық көне құжаттар көрмесін аралады

11.12.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты