Аталған жағдай бойынша Тараз қаласы әкімінің кеңесшісі Дәулет Төленді төмендегідей пікір білдірді:
Мендегі ақпарат бойынша қайтыс болған бала (2021 жылғы) жеке үйдің септигіне (нақтысы өздері тұратын үйдің ауласындағы септикке) құлаған. Ойын баласы ғой. Қараусыз қалған шамасы. Оңай емес. Алла алдынан жарылқасын! Балаларымызды қараусыз қалдырмайық!
Жамбыл облысы полиция департаменті:
Аталған дерекке қатысты адам өлімі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.Тиісті сараптамалар тағайындалды. Нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады